Балалар аурулары пәнінен тест сұрақтары ~~



бет9/25
Дата25.12.2023
өлшемі140,4 Kb.
#199051
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
pediatri

~~Жоғарғы жүйкелік қозғыштық, анорексия, таң ертең ауызынан ацетон иісінің шығуы, кейде құсу, уртикарлық бөртпе, қандай аурудың белгілері болып табылады:
~~Жалпы тәжірибелік дәрігер 3-айлық баланы қарағанда, оның жоғары тершеңдігіне, жылауықтығына, шүйде шаштарының түсуіне, үлкен еңбек ойығының шеттерінде бас сүйегінің жұмсаруына көңіл аударған. Дәрігердің іс-әрекеті:
~~Д гипервитаминозы кезінде қандай асқынулар дамиды:
~~8 жаста қыз бала полиурияға, әлсіздікке, аш болу сеізіміне шағымданады. Терісі бозарған, бұлшық ет әлсіздігі. Қанның биохимиялық анализінде: қант – 4,5 ммоль литрге, қалдық азот – 4,8 ммоль литрге. Жалпы зәр анализінде қант 1%. Болжам диагнозыңыз:
~~Мазасыздық, жасқаншақтық, тітіркенушілік, гиперестезия, ұйќысының бұзылуы, тітіркену, тершеңдік қандай аурудың белгілері болып табылады:
~~Қайсы препаратты ұзақ қабылдау мешелдің дамуына әкеледі:
~~Аурудың басталуы жүрумен байланысты, қаңқаның рахит тәрізді өзгерістері: О-тәрізді аяқ, “үйрек тәрізді” жүру; гипофосфатемия, қандағы кальций деңгейі қалыпты кезіндегі сілтілі фосфатазаның жоғарылауы қайсы ауруға тән:
~~2 айлық баланы қарап тексергенде салмағының қалыптан 25% қалыс қалуы байқалған. Жүйкелік-психикалық дамуы жасына сәйкес. Сіздің диагнозыңыз:
~~Тағамда белоктың жоқтығынан пайда болатын гипотрофияның нұсқасы:
~~1,5 жастағы балада: гиперестезия, бір үнмен(монотонды) жылау, тремор, бұлшыќ ет гипотониясы, клоникалық-тоникалық құрысулар, оң «Хвостек синдромы» байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?
~~Хеликобактериозды анықтаудың сапалы әдісі:
~~11жастағы бала. 3 жылдан бері ауырады. Оң жақ қабырға астының сыздап, шаншып ауыруына шағымданады, салқын, майлы, қуырылған тамақтан соң ауырсыну күшейеді, сондай-ақ әлсіздік, жүрегінің айнуы және аузындағы ащы дәм сезімі мазалайды. Кейде құсу болады, нәжісі тұрақсыз. Сіздің диагнозыңыз:
~~Біріншілік (асқазандық-ішектік) функциональды құсуға жатады:
~~12 жастағы бала, улану белгілеріне байланысты жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38 С, ұрғылау белгісі оң, жалпы зәр анализінде – лейкоцитурия, бактериурия. УДЗ-де тостағанша-ілмекше жүйесінде қабыну өзгерістерінің белгілері. Сіздің диагнозыңыз:
~~Бала диспансерлік бақылауда тұрады, диагнозы: «Екіншілік пиелонефрит, екі бүйректің жинақтаушы жүйесінің толық емес екі еселенуі, бүйрек қызметі сақталған». Ремиссия басталғаннан кейін қанша жылдан кейін «Д» есептен шығарасыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет