«Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет74/104
Дата22.12.2021
өлшемі2,54 Mb.
#436
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
С.Дөнентаев. Ақын творчествосын үш кезеңге бөлуге болады:1. 1913-1917 жылдар арасында ақын өзінің пікірі жағынан ағартушы-демократ, әдеби әдісі жағынан сыншыл реалист болып көрінеді. «Заман кімдікі», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Жамила қыз», «Екібаста», «Бозторғай» секілді алуан тақырыпты өткір саяси лирикасы жазылды. 2. 1917-1924 жылдар арасы ақын творчествосының екінші кезеңін құрайды. 1917 жылығ Ақпан төңкерісіне қуанып, «Бостандық» сияқты өлеңдерін жазып, буржуазиялық-демократиялық төңкерісті шын бостандық деп ұғынады. 3. 1924-1933 жылдаржағы көзқарасы – кеңестік, әдеби әдісі – ссоциалистік реализм болып шығады. «Ұмытылмас», «Бір жыл өтті», «Тарих таңы», «Ерікті Айша», «Азат жетті», «Бай мен комсомол» деген өлеңдер жазып, ескіліктің ел санасындағы сан алуан көріністерін үлкен пафоспен жырлайды. Көптеген саяси лирика, әңгіме, фельетондар жаза бастайды.

«Заман кімдікі?», «Менің халім», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «У жеген қасқырға», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт», «Талап» т.б. өлеңдерінде теңдік, бақыт, бостандық жайындағы ойын, арманын суреттейді, жастарды оқуға, мәдениетке, өнер-білімге үндейді. Ақындық өнер жолында Абайдан, Тоқайдан мол үйренді. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық бағытты нысана етті.

Ақын мысал-өлеңдердің кейбірін татар ақыны Ғ.Тоқайдан аударған. Біршамасын татар, орыс тілдеріндегі мысал, әңгіме, аңыздар ізімен өзінше қиыстырған. Қазақ тұрмысынан алып жазған мысалдары да бар. Жалқаулық, мансапқорлық, сараңдық, ашқарақтықты мінейді. Мысалдарында патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейді. С.Дөнентаевтың мысал-өлеңдері көңілге қонымды, әрі терең мағыналы.

С.Дөнентаевтың балаларға арнап жазған мысалдары әрі оқиғалы, әрі күлкілі, қызықты, әрі қысқа, мазмұнды болып келеді. Ақынның «Көзі тоймаған ит», «Екі теке», «Ауырған арыстан» т.б. шығармаларын мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар жеңіл түсіне алады. Адам басында болатын әр түрлі қылық-мінездердің аңдардың іс-әрекеті арқылы сыналуы бұл шығармалардың қызықтылығын арттыра түседі. «Көзі тоймаған итте» сүйек тістеп көпірден өтіп бара жатқан иттің өз көлеңкесімен таласып сүйегін тартып алмақ болған қомағайлығы сыналады. Сөйтіп жүріп ол суға түсіп, аузындағы сүйегінен айрылып қалады. Ақын ойының қорытындысы – қомағай, ашқарақ болмауға үндеу. «Екі теке» мысалында Сәбит мінезсіздікті, пайдасыз ұсақ ерегіс құмарлықты сынайды. Көпір үстінде кездесіп қалған екі теке бір-біріне жол бермей, сүзісіп, екеуі де суға құлайды. Бұл мысалдар арқалы С.Дөнентаев балаларды жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуді, жаман қылықтардан жирентуді көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет