ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013
|
ПОӘК
«Балалар әдебиеті»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2013 жылғы
№ 3 басылым
|
5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
5 В 020500 «Филология»
«Балалар әдебиеті»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
1. ГЛОССАРИЙ
-
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.
-
Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.
-
Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
-
Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.
-
Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
-
Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
-
Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
-
Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
-
Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.
-
Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
-
Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.
-
Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.
-
Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
-
Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
-
Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
-
Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
-
Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
-
Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
-
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 модуль. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны.
№1 Дәріс. Кіріспе. Балалар әдебиеті туралы түсінік
-
Балалар әдебиеті – рухани қазына
-
Қазақ балалар әдебиеті жайындағы зерттеулер
-
Достарыңызбен бөлісу: |