«Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Балалар фольклорының жиналуы мен зерттелуі



бет8/104
Дата22.12.2021
өлшемі2,54 Mb.
#436
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
2. Балалар фольклорының жиналуы мен зерттелуі. Қазақ фольклоры алғашқы үлгілерінің жүйелі түрде жиналып зерттеле бастауы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ фольклорын жинаушылар ол кезеңде балалар фольклорына арнайы көңіл бөлген жоқ, халық мұрасының бір қыры ретінде бесік жыры, жұмбақтар, өтірік өлеңдер сияқты танымал жанрларды қағазға түсірді. Мысалы, Радловтың «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» еңбегінің қазақ фольклорына арналған үшінші томында өтірік өлең үлгісі кездеседі. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясында»(1879) қазақ халық әдебиетінің озық үлгілерінен балаларға лайықталған тамаша үзінділер мол. Олар жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиетінің де маңызды роль атқаратындығын жақсы түсінді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында бұл мәселе қауырт қолға алынып, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Жолдыбаев, Б.Майлин, М.Әуезов сияқты қазақ оқығандарының педагогикалық еңбектерінде заңды жалғасын тапты. М.Дулатовтың «Қирағат» атты оқу құралында(1911) фольклорлық үлгілер аса мол қамтылған. 1926 жылы шыққан «Балаларға тарту» жинағында халық поэзиясының балаларға арналған үлгілері тұңғыш рет толығырақ топтастырылды. І.Жансүгіров құрастырған «Ел өтірігі» кітабы да (1927) осы жылдардағы бағалы жинақтардың бірі болды. Бұл кезеңде қазақ балалар фольклрының үлгілері жиналып, жарық көріп қана қойған жоқ, зерттеушілер назарына да іліне бастады. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде( ) өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ, жарапазан, бесік жыры сияқты терминдер алғаш ғылыми айналысқа түсіп, мағыналық жағынан тиянақталады. Ғалым ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінің балалар репертуарынан алатын орнына да назар аударады. Х.Досмұхамедовтың «Қазақ халық әдебиеті»(1924) еңбегінде бала табиғаты мен тілінің дамуы жөніндегі мәселені анықтауға да мол сәуле түсіреді. Салмақты сілтеме ойларды М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы»(1927), С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті»(1932) кітаптарынан да кездестіреміз. Кейінгі жылдары тұрпайы социологиялық саясаттың салқынынан күңгірт тартқанымен зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан белгілі дәрежеде көрініс тауып келеді. Бұл орайда, Х.Арғынбаев, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Н.Оршыбеков, А.Төлеубаев, Е.Сағындықов сияқты ғалымдардың халық педагогикасына қатысты еңбектерін атаған жөн.

М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» оқулығында ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлеріне сипаттама береді. Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін өз еңбегінде алғаш қолданып, түсініктеме береді. Балалар фольклорының ішкі жанрлық түрлерін өзгеше саралайды. Б.Уахатов «Қазақтың халық өлеңдері» монографиясында балалар өлеңдеріне жеке бөлім арнаса, «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы» кітабында оның түркі тектес халықтар фольклорымен ортақ желілеріне тоқталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет