10-ДӘРІС
ХХ ғасыр бас кезіндегі балалар әдебиеті
Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері(Ш.Құдайбердіұлы,
С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев)
Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері( А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов)
1. Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері. Ш.Құдайбердиев. Шәкәрімнің бай әдеби мұрасына оның өлеңдері, поэмалары, мысалдары, нақыл сөздері, әңгімелері, роман, мақалалары, аудармалары жатады. Ақынның бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері із қалдырды. Оның 73 жас өмірінің 13 жылы кеңестік дәуірде өтті. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласты. Ұлт әдебиетінде Шоқан, Абай, Ыбырай орнықтырған арна-дәстүрлерді жалғастырды.
Октябрь төңкерісімен келген дүбірлі өзгерістер тұсында да Ш.Құдайбердиев өзінің демократтық, ағартушылық көзқарасына, прогресс жолына қызмет ету мақсатына адалдық танытты. Ақын жастарды ғылым-білім, өнерге баулуды мұрат тұтады. Ағартушылық, адамгершілік идеяларды уағыздады. Шәкәрім жас ұрпаққа арнап бірнеше өлең жазды. Жастарға сенім артты. Қоғамның өрге өрлеуі келешек ұрпақтың қолында екенін айтты. «Қазақ айнасы»жинағына енген «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Талап пен ақыл» өлеңдерінде ұстанған бағытының әлеуметтік сыншылдық, гуманистік сипаттары аңғарылады.
Өмірінің соңғы жылдарын тауда жалғыз өткізіп жүрген 73 жастағы Шәкәрім 1931 жылы дүниеден өтті. Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» Ыбырай әңгімесінің сюжеті де, идеясы да Шәкәрімнің «Піскен мен шикі»өлеңінде түгел қайталана жырланған. Ақын ғылымды үйреніп, білімді адам болуға кедергі жасайтын: самарқаулық, еріншектік, салақтық, немқұрайдылық, жауапсыздық сияқты мінез кеселдерін өзінің сатиралық өлеңдерімен қатты сынайды. Ақындық, жазушылық, композиторлық дарынын өмірде өнегесімен көрсете білген философ білімді көңілге қондырып, санаға дарытудың жеті шарты бар, олар: мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншылдық, қаракет, ақ ниет дейді.
С.Торайғыров. С.Торайғыров өмір сүрген уақыт – ХХ ғасырдың бас кезі – дүниені дүр сілкіндіоген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы кезең болатын. С.Торайғыровтың жеке басының қалыптасуы туралы сөз қозғағанда оны өзінің әлеуметтік ортасынан – А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Ғ.Қарашев, І.Ізтілеуов, Ы.Шөреков, Б.Күлеев, М.Сералин және т.б. ғұмыр кешкен ортадан бөлек алып қарастыруға болмайды.
Кезең оқиғалары ақынның дүние-таным көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен түріне, жанрына әсер етті.
Іргелі оқу орнынан білім алу, халқының қызметіне жарайтын азамат болу – оның ынта-тілегіне айналады. Ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға келеді. Оның лирикалық кейіпкері
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Достарыңызбен бөлісу: |