Біріншіден, ақын шығармашылығы жанрлық жағынан бай. Ақын шығармаларында өлең, тақпақ, ертегі, өлең-ойын, санамақ, қайсысы қайсысына ұқсайды, синоним сөздер, өтірік өлең, айтыс, мазақтама, ән өлеңдері, жұмбақ, лотогрифтер, қарама-қарсы қызық сөздер, адас атаулар, метограммалар, шарадалар, жаңылтпаштар т.б. секілді «ішкі жанр» үлгілері ұшырасады. Мұның өзі ақынның ізденіс аясын, білім өресін аңғартатын дәлел болса керек.
Екіншіден, сол мол жанрлық үлгіні аңғартатын өлеңдерден шынайы балалар ақынының кішкентай оқушы танымы, қабылдау мүмкіндігіне саналы бейімделуін аңғарамыз. Өлеңдері мейлінше қарапайым, бірақ ойлы, мақсатты, тәрбиелік нысанасы айқын. Әр сатыдағы оқущылардың жас мөлшеріне сай лексиконды таңдап ала отырып, қандай күрделі ойды да аз буынға сыйғыза айтып бере білу де - осы бейімделудің көрінісі. «Күз нышандары» атпен берілген, небәрі екі жолдан тұратын өлеңдер барынша қарапайым. Қарапайым бола тұра, ең кішкентай оқушының өзіне табиғат маусымының негізгі белгілерін, сурет-характерін нақты жеткізіп беріп отыр. Сондай-ақ, тұрақты үш буынмен жазылған «Қар мен жел» өлеңі де бала танымына лайықталып жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |