Балалар әдебиетінің ерекшеліктері


Балалар фольклорының үлкендер фольклорынан айырмашылығы



бет7/86
Дата17.12.2021
өлшемі220,03 Kb.
#102256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
Балалар әдебиеті лекция

Балалар фольклорының үлкендер фольклорынан айырмашылығы.

Халқымыздың балалр фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы, соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерінде дәстүр бойынша оларды шығу, орындау ерекшеліктеріне қарай үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ, негізінен, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екі салаға жіктеу қалыптасқан.

Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін көреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шіғармалардың мазмұны, түр-сипаты, әшкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар айтатын, өзеріне ғана лайықты өлең-жырлар бар. Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Төлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған. Бұл жырларды алғашқы шығарушылары ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Балалар фольклорын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, балдырғандарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек. Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы, ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды. Алайда ауызша коллективтік творчествоның ерекшелігі сонда, олар көпшіліктің талап-тілегіне лайықты ұзақ сүзгіден өтіп, өңделіп, түрлі сыннан өткен дәстүрлі қалыпқа түспейінше толық мағынасындағы фольклорлық шығарма бола алмайды.

Осы тұрғыдан келгенде балалар фольклоры да о баста кім шығарғанына, қалай пайда болғанына қарамастан балалар коллективінің өзіндік сүзгісінен өтеді. Өз ұғымдарына, түсініктеріне, тіл оралымына, іс-әрекеттеріне сәйкес емес туындылар көпшілік тарапынан қабылданбайды. Ал қабылданған жағдайда балалар творчествосының дәстүріне лайықты іс жүзінде өзгеріп, өңделеді. Оралымсыз тіркестер, ұғымға ауыр шумақтар ұмытылады.

Осы тұста бір ескеретін жағдай - балалар фольклорының кейбір үлгілерінде мазмұнға жеткілікті мән беріле бермейді. Ұйқасы оңай, ойнақы болса, әсіресе, түрлі іс-әрекеттерге айтылуы сәйкес келсе, ондай өлеңдер көбірек қолдау табады. Осындай өзгешелікті біз әсіресе ойын өлеңдерінен анық көреміз.

Балалар фольклорының тағы бір ерекшелігі, ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда коллективтік сипатының басым екендігі. Олардың дені көпшіліктің есінде жүреді. Көбін балалар жаттап алып, жиналған жерде кез-келгені жекелеп те, топталып та айта береді.

Бұған қоса балалар фольклорында поэзияның іс-әрекет, ойыннан, түрлі көне түсініктерден, ырым мен салттан, қарапайым әуендерден, жан-жануарлардың даусы мен қимылына еліктеуден қарасын үзіп толығымен ажырап кетпегендігін байқаймыз. Бұл, сөз жоқ, балалар поэзиясының көп қырлы, ертеректегі синкретті белгісін айғақтайтын құбылыс. Міне, осы айтылған өзгешеліктердің бәрі де жалпы аламзат фольклорының ерте дәуірдегі сәбилік шағына тән белгілер. Рас, балалар фольклоры түрлі тарихи дәуірлерді бастан кешірді, өзгерді, өркен жайды. Сөйте тұра ол осы айтылған дәстүрлі қалыптың аясында дамыған сияқты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет