Балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың Әлеуметтік-педагогикалық бейімделуі



Дата25.12.2016
өлшемі101,18 Kb.
#4425
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ

СПиС 12-1 тобының студенті Қали М.

Ғылыми жетекші Тұрдалиева А.Ш.

Тараз қ., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты


Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның көптеген “қара дақтарын” айқындады. Солардың бірі: балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі. Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда. Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылары мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау, психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Жетім бала мен ата-ананың қарауынсыз қалған баланың бейімделу мәселесі барлық уақытта маңызды болып келді. Бұл мәселені шешу ерте уақыттан қолға алынып келді.

Адаптация (лат. тіл. ауд. Adaptatio – бейімделу д.м.б)- құбылыс, бейімделу, индивидум өмірінің ұзақтығы бойынша өлшеу, бірнеше ұрпақ барысында ағзадағы папуляцияның өзгеруі.

«Бейімделу» түсінігінің анықтамасы әдебиеттерде көптеп кездесіп, талдануда. Соның мысалы ретінде, бірнешеуіне тоқтала өтсек.

Бейімделушілік бейімделу үрдісінің аяқталуы, қоршаған ортаға ағзаның жақсы бейімделуін сипаттайтын нақты жағдай; баланың бейімделу үрдісі толығымен аяқталған қалпы, ағзаның жетекші жүйесінң қызметін қайта орнықтыру нәтижесінде қызмет көрсету деңгейі қалпына келтіреді, бала үшін ең маңызды және оның микроәлеуметтік ортада өзін бейімдеуге маңызды шешім шығаруын қаматамасыз етеді.

Бейімделудің белгілі үлгісі болып екі кезеңді атауға болады: бастапқы – шұғыл бейімделу – ұзақуақытты. Алайда көптеген зерттеушілер бейімделуді үш фазаға бөлу ретінде қарастырылады:



  • Шұғыл немесе алғашқы бейімделу фазасы;

  • Тұрақты бейімделу фазасы;

  • Дезадаптация фазасы – бейімделу үрдісінің бұзылуы, жойылуы немесе бейімделушілік жалығудың фазасы.

Әлеуметтік бейімделу - тұлғаны жаңа әлеуметтік жағдайға қосылу үрдісі, әлеуметтік ортаның жағдайына индивидтің белсенді бейімделуінің тұрақты үрдісі, және осы үрдістің нәтижесі. Осы мінез-құлық сипатын анықтайтын компоненттің қатынасы индивидтің құндылығы мен мақсатының бағытталуына және оның әлеуметтік ортада мақсатқа жету мүмкіндігіне тәуелді. Әлеуметтік бейімделудің маңызды аспектісі болып – индивидтің әлеуметтік рөлін қабылдауы. Бейімделудің нәтижесі индивидтің өзі мен әлеуметтік байланысын қаншалықты шынайы қабылдайтынына байланысты.

Бейімделудің субъект-субъект қадамы көзқарасы бойынша – бұл әлеуметтік ортамен өзара белсенді әрекет ету қабілеті мен өзіндік даму үшін өз потенциалын қолдану болып табылады.

Әлеуметтік бейімделу жүйенің бір сәтті өзгерісін емес, үрдіс барысында болған жағдайды көрсетеді, яғни оның сатысы туралы сұрақ осы жерде туындайды. Бұл жерде әлеуметтік бейімделудің 4 негізгі сапалы сатысы туралы айтуға болады:


  • Бірінші (алғашқы) сатысы, бейімделу үстіндегі индивид тек мінез-құлық ережесін ғана игереді, бірақ қоғамның құндылық жүйесін әлі-де іштей мойындамайды;

  • Екінші саты (шыдамдылық), әлеуметтік орта да, индивид те бір-біріне деген қатынаста мінез-құлық үлігісінің бағасы бір екенін мойындайды;

  • Үшінші саты (бейімделу, «аккомадация») – өзара жол берумен байланысты: индивид ортаның құндылық жүйесін мойындап, қабылдайды, сондай ақ осы ортаның өкілі де оның кейбір құндылығын мойындайды.

  • Төртінші саты – толық бейімделу, «ассимиляция», индивид бұрынғы бейнесі мен құндылығынан бас тартып, толығымен жаңаны қабылдайды.

М.Н. Битянова баланың бейімделу үрдісін дамуға деген қабілеттілік деп қарастырады. Бейімделген адам оның ойынша,- бұл өмір сүру әрекетінің және өзінің ары қарай дамуының субъектсі, ол өзіне берілген әлеуметтік жағдайды бүгінгі күннің міндетін шешу үшін және алдыға жылжудың алғышартын қалыптастыру үшін пайдалануға қабілетті адам. Баланың дамуға деген қабілетін оның бейімделуінің критерийі ретінде бағалауға болады.

Әлеуметтік педагогикалық әрекеттің мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуі.

Әлеуметтік педагогтың әрекеті баланың әлеуметтік беделін анықтаудан тұрады. Құжаттарды, әңгіме мен тестілеуді анықтау жолымен әлеуметтік педагог баланы танып, шешуге тұратын мәселені бөледі. Баланың «әлеуметтік сырқатының диагнозы» қаншалықты нақты қойылса, әлеуметтік педагог тәрбиеленушіге көрсететін көмек түрін де оңай анықтайды.

Балалар үйіндегі баланы тәрбиелеу ұжымда жүзеге асырылады, сондықтан әр баланы зерттеу кезінде әлеуметтік педагог балалар ұжымын да тұтастай зерттейді.

Әлеуметтік педагогтың келесі міндеті – тәрбиеленушіні дамытудың индивидуалды бағдарламасын жасау, яғни дәйекті түрде баланың қазіргі кезін есепке ала отырып, балалар үйінің тәрбиеленуші түлегі қандай болу қажет екенін ойлау.

Әлеуметтік педагог тәрбиешімен бірге балада бар барлық құжатты талдап, оның мәселесінен, қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздестіреді. Балалар үйіндегі күрделі тәрбиелік үрдіс тәрбиешіден баланың даму тенденциясын ашу ғана емес, бүгінгі, қазіргі кездегі тапсырмасын шешуді ғана емес, бала жүрген ұжымды да зерттеуді талап етеді. Осы кездегі негізігі міндеттердің бірі – барлығына моральды көмек көрсетуде көрінетін гуманды қарым-қатынасты қалыптасыру – өзгені сыйлау, өзгені қайғысы мен қуанышына эмоционалдылық пен пікір білдіру, дер кезінде сезіне білу; адамның тұлғалық қүұндылығына сыйлы қарым-қатынас орнату. Балалар үйіне түскен баланың бейімделу мәселесі, баланың девинатты мінез-құлқын оңалту, тәрбиеленушіні қоғамға интеграциялау әлеуметтік педагогтың әрекетінде маңызды болып табылады.

Әлеуметтік бейімделу қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде тәрбиеленушінің әлеуметтік рөлін табысты игеруінде жатыр. Әлеуметтік бейімделу үй шаруашылығын жүргізуде, өзіне қызметкөрсетуде, еңбек білігі мен дағдысын дамыту мен қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

Р.В.Овчарова пікірі бойынша, балалар үйіндегі әлеуметтік педагогтың баланың әлеуметтік бейімделу бағыты бойынша атқаратын қызметінің қатары:



  • тәуекел топтағы тәрбиеленушінің дезадаптациясын көрсетеді;

  • әлеуметік дезадаптациясының көзі мен себебін анықтайды;

  • мектептегі және отбасындағы депрессияны игеру үшін әлеуметтік-педагогикалық қайта оңалтудың жекелік бағдарламасын жасау және қамтамасыз ету, оқу әрекеті мен өзіндік тануда субъект беделін қайта қалпына келтіру.

  • үздіксіз оңалту іс-шарасымен қамтамасыз ету үшін тәрбиелеу үрдісінің қатысушыларымен өзара әрекеттесу ұсынысы даярланып жүзеге асырылады;

  • жүйелі-кеңес беру көмегі немесе баланың микроортасында дағдарысты жағдайды ликвидациялау бойынша көмек көрсетіледі;

  • баланың арықарайғы өмірін шешуге қызығушылық танытқан өкілмен бірлесе әрекет ету және оның денсаулығы мен құқығын тәрбиелеу үрдісіне әрекеттесу.

Балалар үйіне түскен бала үшін оның жасына тәуелсіз жалпы белгі тән- әлеуметтенудің бұзылуы, яғни көрінудің кең спектріне ие – өзін үстел басында ұстай алмау, бейтаныс ортада бейімделу қабілетінің болмауы, түрлі девмантты мінез-құлықтың көрінуі – ұрлық, гиперсексуалдық, жыныстық бағытталудың бұзылуының көрінуі.

Әлеуметтік педагогтың әрекетінің негізгі міндеті болып, тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуі болып табылады. Ол түрлі бағыт бойынша ұйымдастырылуы мүмкін: баланың беделін анықтау, тәрбиеленушінің дамуына арналған жекелік бағдарлама құру, бейімделу, оңалту, бала интеграциясы, баланың құқыққорғау мен административті органда қызығушылығын көрсету. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің негізгі қызметі болып диагностикалық, болжамдық, аралық, түзету және қайта қалпына келтіру және т.б. болып табылады.

Әлеуметтік бейімделу тәрбиеленушінің қоғамдық қатынас жүйесінде әлеуметтік рөлді табысты игеруіне негізделеді. Әлеуметтік бейімделу ұй жұмысын жүргізу, еңбек іскерлігі мен дағдысы, өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру мен дамыту арқылы болады. Әлеуметтік ұйымдастырылған бағытты жүргізу барысында өз әрекетін әлеуметтік педагог тәрбиеленушілер арасындағы аралық қызметі атқарады. Бір жағынан басқарушы, педагог, үй жағдайынан тыс әлеуметтік қызмет көрсету жүргізіледі.

Әлеуметтік педагогтың алдында тұрған міндеттер түрлі әдіс пен еңбекті, әңгіме мен сауалнаманы, тестілеу мен сұхбаттың, баланың құжатын талдау және т.с.с түрінің көмегімен шешіледі. Әлеуметтік педагогтың барлық жұмысы басқа да мамандармен, жұмысшылармен, тәрбиеші мен мұғаліммен, дефектолог пен еңбек жне әуен пәнінің мұғалімдерімен тығыз байланыста құрастырылады. Әлеуметтік педагогтың барлық әрекетін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  1. Баланың әлеуметтік беделін анықтау. Құжаттарды зерттеу мен әңгіме, тестілеудің жүргізе отырып әлеуметттік педагог баланы анықтап, мәселені айқындап, оны шешудің жолын іздестіреді.

  2. Баланың дәрігерлік-психологиялық, жасерекшелік және тұлғалық ерекшелігін, қызығушылығы мен мектепке қатынасын, мінез-құлқы мен әрекетін, қарым-қатынасын ортасын анықтау.

  3. Баланың тұлғалық дамуына жағымды және жағымсыз әсерлер анықталды.

  4. Баланың ата-анасы туралы ақпарат жинау, отбасының (егер бар болса) әлеуметттік профилін зерделеу, ата-анасымен, туыстарымен қарым-қатынасы анықтау, ол ары қарай баланың жеке өмір сүруіне әсер ету деңгейін болжауға мүмкіндік береді.

  5. Қамқорлыққа алған адамның материалды және тұрғын үймен қамтамасыз етілуін анықтау, қажет болған жағдайда тұрмыстық үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беру.

Әлеуметтік педагогқа баланың болатын ортасын үнемі назарда ұстап, өмірлік жағдайды талдап отыру қажет, «әлеуметтік сырқат диагнозын» неғұрлым нақтырақ анықтаса, соғұрлым әлеуметтік педагог тәрбиеленушіге бере алатын көмек түрінде тезірек анықтайды.

Әлеуметтік педагог жұмысында тез шаршағыш, ашуланғыш, депрессияға бейім, үнемі төмен көңіл күймен жүретін, өмірдің қараңғы тұстарын ғана көретін балалар кездесіп жатады. Осы барлық «қиын» балалар мен жеткіншектердің ерекшеліктерін әлеуметтік педагог өз жұмысында есепке алуы қажет.

Әлеуметтік педагог алдында біруақытта бірнеше міндет қатары көрінеді: балалар үйінде үй жағдайын орнату, өзара сенімділік қалыптастыру, жатақхана ережесін сақтауды үйрету, өзін анықтау, өзін тәрбиелеу жолына бағыттау. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог мекеменің басқа да қызметкерлерімен байланысқа түседі: дәрігер, психолог, юрист, шаруашылық.

Жетім балалармен жұмыс істей отырып, әлеуметтік педагог әр тәрбиеленушіге психологиялық карта құрады. Әлеуметтік педагог жұмысындағы ерекшелігі – әр баламен тұлғалық жұмыс жасау. Қиын баланың қозу құбылысы ерекше болатындығын есепке ала отырып, әлеуметтік педагог балаға шиеленіс барысында өзін байсалды немесе шыдамды етіп ұстауға үйрететін әрекет түрін таңдау қажет. Педагог міндеті - балада шыдамдылықтың, зейін қою мен байсалдылықты қалыптастыру.



Баланың бейімделу мәселесі, девиантты мінез-құлықты баланы оңалту, тәрбиеленушілердің қоғамға интеграциясы әлеуметтік педагогтың әрекетінің маңыздысы болып табылады. Баланы оңалту дәрігер, психолог, әлеуметтік педагог және т.б. мекеменің мамандарының көмегімен жүзеге асырылады.

Психологиялық қайта қалыпна келтіру – баланың мекемедегі қобалжуын, қысымы мен мазасыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жоспарлап, жүргізеді. Педагогикалық оңалту – мектеп пен мекеме бағдарламасы бойынша қосымша сабақтар мен түзету шараларын өткізуді жүзеге асырады.

Өз әрекетіндегі әлеуметтік-ұйымдастырылған бағытты жүзеге асыру барысында әлеуметтік педагог аралық қызметті атқарады, біріншіден тәрбиеленушілер арасын, екінші жағынан басқару, педагог, әлеуметтік қызмет көрсету орындарымен балалар арасын байланыстырады. Оның көмегімен мекемеде балалардың өмір туралы білімін жетілдіретін ұзақ және қысқа уақытты топтар құрылуы мүмкін.

Әлеуметтік педагог қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқтаж балаларға көмек бере алатын түрлі әоеуметтік қызмет пен мекемемен, мектептен тыс орталықтармен өзара әрекеттестікте болады.

Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі әрекетінің маңызды бағыты - баланың қызығушылығын құқық қорғау мен басқару органдарына көрсету болып табылады. Әлеуметтік педагог ата-анадан алимент, асыраушысынан айырылған жағдайда зейнетақы алу бойынша құжаттарды рәсімдейді, тәрбиеленушінің тұрғын үй құқығын бақылау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп, тәрбиеленушінің қызығушылығына қатысты түрлі құжаттың өз уақытында дайындалуының жауапкершілік алады. Оның міндетіне сонымен қоса баланың юристік беделі бойынша құжаттар мен ақпарат жинау: ата-анасын, туған-туыстарын іздестіру, асырап алу бойынша құжаттар рәсімдеу және т.с.с.

Баланың балалар үйіне бейімделуінің мәселесін шешу әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің маңызды міндеті болып табылады, себебі әлеуметтік бейімделу тәрбиеленушінің қоғамдық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік рөлін табысты игеріне әсер етеді. Ол түрлі бағыт бойынша ұйымастырылуы мүмкін:

- балалар үйінің тәрбиеленушілерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (баланың беделін анықтау, тәрбиеленушінің жекелік даму бағдарламасын жасау, баланың бейімделуі, оңалуы, интегрциясы);

- баланы тәрбиелеуде баланың ата-анасымен бірлескен әрекетте жұмыс атқару (баланы тәрбиелеуде қолдау көрсету, қажетті рухани және материалдық көмек көрсету, баланың отабысмен әлеуметтік және терапевтік әрекеттестік, ақпараттандыру және юристік көмек көрсету);



- баланың қызығушылығы басқару органдарының назарына ұсыну және олардың құқығын қорғау. Балалар үйінде жүргізілетін барлық әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мекемедегі барлық маманның өзара әрекеттесу интеграциясының негізінде құрастырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. И.Р. Халитова Әлеуметтік педагогика, 2009

  2. Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога. – М.: Сфера, 2001. 

  3. Шакурова М.В. Методика и технология работы социального педагога: Учеб. Пособие для студентов высш. Пед учеб. Заведений –М: «Академия»- 2002

  4. Назарова И.Б. Адаптация и возможные модели мобильности сирот. М.: Московский общественный научный фонд, 2000.

  5. Қазақстандағы жетім балаларды қамқорлыққа алу мәселелері: тарихы мен болжамы. // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2008. - №4.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет