Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттары бойынша республикалық конкурстың жағдайлары



Дата12.03.2018
өлшемі35,37 Kb.
#39044
Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттары бойынша республикалық конкурстың

ЖАҒДАЙЛАРЫ

I. Конкурстың мақсаты

Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттарын әзірлеу.

Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны бұл дағдарыстық жағдайға ұшыраған балалар мен жастарға жедел көмектерді ұсынатын қызмет. Осы Сенім телефоны арқылы олардың мәселелері талқыланып, қажетті көмек түрі анықталады және сол көмекті алуға көмектеседі (балаларды ұзақ мерзімді оңтайландыруға арналған басқа да ұйымдарға бағыттау)

Балаларға арналған сенім телефон жұмысының принциптері:

- тәулік бойы қызмет көрсетіледі;

- тегін көмек және құпияда сақталады;

- республика бойынша 150 бірыңғай нөмері қойылады;

- қазақ және орыс тілдерінде кеңестер беріледі;


II. Конкурстың құрылымы

Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттары бойынша республикалық конкурс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:



  • үздік логотип;

  • үздік слоган;

  • үздік музыкалық сүйемелдеу;

Конскурстың қатысушылары: балалар, ересектер, ұжым мүшелері, ұйымдар. Конкурсты екі тілде: қазақша және орысша тапсыруға болады.


III. Конкурсты өткізу ережелері

Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттары бойынша республикалық конкурс 2008 жылдың 25 сәуірінен бастап 1 маусым аралығында өткізіледі.

2008 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығы - өтініштерді қабылдау кезеңі.

2008 жылдың 25 - 28 мамыр аралығы - әділқазы алқаларын тағайындау, олардың жұмыстары, тапсырылған жұмыстарды қарастыру, жеңімпаздарды анықтау.

2008 жылдң 1 маусымы - Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон линиясының атрибуттары бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау.

Конкурсқа қатысты ақпараттар www.balazan.kz, www.bb_kk.kz ресми веб-сайттарда орналастырылған.


Жұмыстарды төмендегі электрондық пошта немесе мекен - жайларға жіберілуі керек:

010000, Астана, Есім өзенінің сол жақ жағалауы, 35 көше, 8 үй.

Телефон 8 (717) 741998, факс 741996

050040, Алматы, Көктем-1 шағын ауданы, 9 үй, 2 пәтер.

Телефон/ факс 8 (727) 2471824

e-mail: soyuzkz@rambler.ru
Жоғарыдағы аталған номинациялар бойынша жұмыстар 2008 жылдың 25 мамыр сағат 18.00 –ке дейін қабылданады (Астана уақыты бойынша)

Марапаттау рәсіміне қатысу туралы ақпаратты кез келген қатысушыға жекелей хабарланады. Финалға өткен қатысушыларды 2008 жылдың 1 маусымында Алматы қаласына шақырылады.




IV. Конкурстың әділқазы алқалары

Конкурстың әділ қазылары өнер, мәдениет, білім, бұқаралық ақпараттар құралы және ҮЕҰ өкілдерінен, атақты кәсіби шеберлерден, қоғамдық қайраткерлерден құралады.

Конкурстың әділқазы алқалары жұмыстарды төмендегі критериялар бойынша бағалайды:

- бір тумалығы;

- кәсібилігі;

- жұмыстарды мәдени стандарқа сай безендіруі.

Әділқазы алқаларының шешімі хаттамамен бекітіледі және қайта қарауға жберілмейді.

Конкурстық материалдар 10 балдық жүйемен бағаланады.

Көп жинаған баллға сәйкес жеңімпаз анықталады.
V. Конкурсты қаржландыру және марапаттау

Конкурсты ұйымдастыру және өткізуге кеткен барлық шығыдарды Халықаралық балалар Қорының (ЮНИСЕФ) тарапынан қаржыландырылады.

Марапаттау: лауреаттың дәрежесі, құрмет дипломы, кез келген номинацияларға сыйлықтар.

Ұйымдар, кәсіпкерліктер, жеке меншік түріндегі бірлестіктер, түрлі органдар кез келген номинацияларға өз тараптарының атынан арнайы сый сияпаттар тағайындай алады.


VI. Ұсынылған материалдарды пайдалану ережелері

Конкурсты ұйымдастырушылар ұсынылған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, кітаптарда, теледидарларда, радиода, Әлем жүйесінің Интернетінде пайдалануға құқықтары бар.



Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды және түсіндірме берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет