4.Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру. Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей формада болу мүмкін:
Бала білуі керек:
Үлгіні елестете алу
Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан кейін іске асырылады немесе бала өту жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады. Баламен әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төмендеуіне көмектеседі.
5.Баланың мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар.Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру үшін оның айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: ата-аналар және баланы мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата-аналармен жүргізілетін психологиялық шараларға тоқталайық:
1)Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде ұйымдастырылып, ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен таныстыра отырып, мектепке психологиялық даярлықтың болашақтық дамуға әсері, негізгі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысты баяндалады.
2)Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер жеке кеңестер аса биязы түрде; алдыңдағы адамның көңіліне қаяу салмайтындай; Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелік тудырады.
3) «Ашық, әңгіме» пікір-таласы ортақ мақсат біріктірілген ата-аналардың көңілдегі түйіткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Мұнда ескертетін бір жайт – ата-аналардың өздерінің рұқсат келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.
Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы табысты болуы үшін аса маңызды деген салалар бірінші тексеріледі. Сонымен,1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі: