«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары



бет19/59
Дата18.12.2023
өлшемі192,71 Kb.
#197506
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
Дәріс балалар психологиясы (2) (2) (2)

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.
Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 дағдарысты кезеңге бөлуге болады.
1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5.Жас өспірім 12-15 жас;
6.Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы
Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.
1.Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;
2.Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін;
3.Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;
4.Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;
5.Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар);
6.Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас (қыз балалар);
7.Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа дейін (қыз балалар);
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып отырады.
Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттар бойынша түсіндірді:
- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады;
- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып отырады;
- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және мағыналы болады;
- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет