«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары


Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері



бет35/59
Дата18.12.2023
өлшемі192,71 Kb.
#197506
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
Дәріс балалар психологиясы (2) (2) (2)

3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.
Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.
Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.
Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет