Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады.
Бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Оқыту мен даму проблемасы.Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
1. Бірінші тобы баланың даму үдерістерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуынақатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.
2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:
Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.