3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні. Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.
Сангвинник.Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш.Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.
Холерик. Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.
Флегматик.Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
Мелонхолик.Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды.Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.
Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.