Балалардағы есекжем


Балалардағы есекжемнің диагностикасы



бет2/2
Дата19.04.2020
өлшемі125,91 Kb.
#63037
1   2
Байланысты:
Балалардағы есекжем

Балалардағы есекжемнің диагностикасы


Балалалық шақта есекжемнің пайда болу себептерін анықтау бойынша диагностика шаралары мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Бала туралы ақпарат жинау. Бұл кезеңде бөртпенің пайда болу себептерін, оның пайда болуына ненің әсер еткенін, жақын туыстарында аллергиялық бөрту бар немесе жоқ екенін анықтау керек.

  • Баланың денесін қарау. Баланың бетінде есекжем пайда болған кезде, дәрігер оның мұрында, құлақта, иек пен қабақта қалай таралғанын мұқият қарап шығады. Аталмыш кезеңде бұл бөртпенің сипатын бағалап, іріңсіз бөртпенің көлемін өлшеу керек. Сонымен бірге балада күлдіреуік пайда болғанда, оларды тесіп жарғанда жағымсыз әсер болатын не болмайтынын анықтап алуы керек. 

  • Үшінші кезең аурудың белсенділігін бағалауға көмектесетін Urticaria Activity Score шкаласын қолдануды қамтиды.

  • Зертханалық жағдайдағы зерттеулер бөртудің себептерін анықтау үшін қажет (мұнда емделушінің несебін және қанын зерттеу, оғаш аллергендер мен қанның сарысуы қолдана отырып тест алу, бауыр түрлерін анықтау және т.б. жатады).

Дәрігер дененің жоғары температурасының пайда болуына алып келуінен туындайтын «есекжемнің созылмалы түрі» диагнозын қою үшін арандатушылық тестерінен өткізу керек.

Аурудың түріне байланысты аталмыш тест әртүрлі тәсілдермен өткізіледі:



  • Егер дермографизм байқалса, онда теріні механикалық түрде тітіркендіру керек;

  • Күндік есекжем кезінде балалардың аяқтарына фототестілеу қолданылады;

  • Аквогенді есекжем теріге сулы компресс қойғаннан кейін байқалады (температура 25 градустан төмен болмайды);

  • Суыққа шығатын бөртпе білек мұздың кішкене бөлігін қоя арқылы Дункан тестінің көмегінен анықталады.

Қосымша дәрігер ауру туралы ауқымды түсінік беруге көмектесетін қосымша зерттеулерді белгілеуі мүмкін. Оған УДЗ диагностикасы, мұрын қуысын рентгенге түсіру, ЭКГ және т.б. жатады.
Балада есекжемнің даму белгілері табылмаған жағдайда дәрігер аурудың идеопатиялық түрінің бар екеніне болжам жасалады.

Есекжеммен ауырған кезде көрсетілетін алғашқы көмек


Аурудың жіті түрі бір-екі сағат немесе бірнеше тәулік өткеннен кейін қайтады. Біреудің көмегінің қажеті жоқ. Шынында, аурудың аталмыш түрінің басты мәселесі бөртпелер емес, сол бөрпеден кейін қышуы.

Есекжем кезінде алғашқы көмекті ата-аналары келесі нұсқауларға сүйене отырып көрсетеді:

Мүмкін аллергендерді жою (белгілі бір өнімге, не дәрі-дәрмектерге немесе үй жануарларына аллергия болған жағдайда).

Қышынуды азайту үшін терінің есекжем зақымдаған аймақтарына балаларға қолдануға рұқсат етілген арнайы аллергияға қарсы жақпамайды жағу керек. Тап осы сәтте дәрінің сатып алу мүмкіндігі жоқ болса, күйікке қарсы жақпамайды қолдануға, не теріге қоятын салқын компресс (сірке суынан және судан) жасауға болады.

Ең маңыздысы – баланы мұқият бақылап отырып, бөртпенің қайтқан жерлерін қасуына жол бермеу. Бұл бөртпенің қайталап шығуына және инфекциялардың қосылуына жол бермеу үшін қажет. Ол үшін баланың тырнағын алып, үстіне мақтадан тігілген киім кигізіп қою керек.

Егер ісіну, жүрек айну, құсу, жүрегі қатты соғуы, тыныс алудың нашарлағаны байқалатын болса, онда тез арада жедел жәрдем шақыртып, арнайы маманға қаралу керек.

Дәрігер келгенше, мүмкін аллергендерді жойғаннан кейін, ата-аналар барынша көп су (минералды әлсізсілтілі су немесе сілтілі ерітінді), сондай-ақ абсорбент берулері керек. Егер жұмсақ тіндер жәндік шаққаннан немесе дәрілік препараттарды еккеннен кейін ісінсе онда шаққан/егілген орыннан жоғарырақ таңғышты қатты керіп байлау керек.

Балалардағы есекжемді емдеу


Балалардағы есекжем қалай емделеді? Дұрыс тәсілді таңдау үшін аурудың пайда болған факторларын, сондай-ақ оның түрін білу керек. Белгілерін дер кезінде байқау және оларды емдеу – дені сау баланың кепілі.

Емдеудің негізгі принциптері элиминациямен (арандатушы факторлармен байланысты шектеу немесе жою), дәрі-дәрмектерді белгілеумен, есекжемнің пайда болуына әсер еткен болуы мүмкін өзге ауруларды жоюмен байланысты. Ата-аналарды балаларда есекжем қаншалықты ұзақ уақытта қайтатыны, сондай-ақ аталмыш ауруды немен емдеу керек екеніне қатысты тақырыптар үнемі мазалайды. Ең маңыздысы – өзін-өзі емдеуге болмайды. Арнайы маманның талаптары мен кеңестерін мұқият орындау керек.

Тері ауруларын емдеуді белгілеген және белгілерін жойған кезде қолданылуы керек негізгі препараттар:


  • Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау. Аталмыш дәрі-дәрмектер бөлінетін гистаминге жақсы әсер ететінін, әдетке айналдырмайтын және жағымсыз әсерлер тудырмайтын жағдайын ескеру керек.

  • Егер есекжемнің салдарынан лоқсу, құсу және т.б. туындамаса, абсорбенттерді пайдалану.

  • Арнайы тағайындалған диетаны ұстану.

Асқындырып алмау үшін баланы есекжемнің жіті кезеңінде жуындырмай-ақ қойған дұрыс.  

Балалардағы есекжем кезінде АДО бойынша гипоаллергенді диета


Қандай да бір тамақ өніміне реакция түрінде «есекжем» диагнозы қойылған кезде дәрігер нақты бір балаға және нақты бір жағдайға арнайы жасалған диеталық мәзірді белгілеуі керек.

Балалардағы есекжем кезіндегі диета белгілі бір өнімдерді тұтынуға және рационға пайдалы көкөністерді, жемістер мен етті қосуға тыйым салудан тұрады. Ата-аналарға маманның кеңесін орындауда маңызды жауапкершілік жүктеледі. Міндетті түрде емделмесе, есекжем созылмалы түрге айналып, баланың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

АДО бойынша диетаның негізгі принциптері ретінде мыналарды атауға болады:


  • Бөртпе асқынған кезде (сондай-ақ бірнеше апта бойы) тыйым салынған азық-түлік өнімдерін тұтынбау;

  • Аурудан жазылғаннан кейін өнімдерді ақырындап қосу  (аллергендерді қоспағанда);

  • Су үшу тәртібін ұстану керек (бала суды күніне оның бойы мен салмағын есепке алып рұқсат етілген мөлшерден аз ішпеуі керек).

Тыйым салынған азық-түліктер


Тыйым салынған негзігі азық-түлік өнімдеріне жатады:

  • теңіз өнімдері мен балық (соның ішінде таңсық);

  • әртүрлі шоколадтар;

  • консервленген және тағамдық қоспалары жоқ азық-түлік өнімдері;

  • ысталған және дәмдеуіштер қосылған тағамдар;

  • әртүрлі дәмдеуіштер мен тұздқтар (майонез, кілегей, кетчуп);

  • жұмыртқа;

  • бал;

  • тоқаш;

  • саңырауқұлақтар мен жаңғақтар;

  • цитрустар, жидектер;

  • кофейнді сусындар және т.б.

Рұқсат етілетіна азық-түлік өнімдері


  • сорпа (көкөністен және сиыр етінен дайындалған);

  • қайнатылған бұзау еті;

  • қайнатылған картоп;

  • пайдалы майлар;

  • жармалар мен ботқалар;

  • маусымдық көкөністер (қияр);

  • морс және компот;

  • пісірілген алмалар;

  • аскөк;

  • шәй.

Басты ереже – тағамның пеште немесе буға пісірілуі. Майға қуырылған майлы тағамдарды рационнан шығарып тастау керек. Ата-аналар баланың жаңдайын қадағалап отырулары керек. Әлсіздік белгілері байқалса, құсқысы келсе, басы айналып немесе бас ауру мазаласа, онда тез арада арнайы маманға қаралуы керек. Мұндай қосымша құбылыстардың себебі құрастырылған диета болуы мүмкін.

Азық-түлік өнімдерінен пайда болған есекжем кезіндегі тамақтану тәртібі


Аллергенді өнімдерді пайдаланғаннан есекжем пайда болған жағдайда бірнеше (беске дейін) күн бойы  ашығуға кеңес беріледі. Кешенде тазартқыш клизма белгіленеді. Ашығудың алдында дәрігер белгілеген іш өткізетін дәріні қабылдау керек. Назар аударыңыз, ашығу кезінде күніне ең аз дегенде 1,5 литр су ішу керек!

Дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс ашығудан кейін балаға тамақтану үлгісі белгіленеді:



  • Емделуші бірінші және екінші күні аш қарынға өнімнің бір ғана түрінің 100 гр жейді;

  • Күн сайын 200 гр қосылып отырады және қабылдауды тәулігіне төрт ретке дейін жеткізеді;

  • Екі-үш күннен кейін бірінші өнімге жаңа өнім қосылады.

Мысалы, дүйсенбі және сейсенбі күні бала қайнатылған картоп жейді. Содан соң тағы бір қайнатылған көкөніс қосылады. Содан кейін ақырындап сүт өнімдерін, нан, бұзау етін қоса бастайды. Ең соңғы сәтте аллергия туындаған болуы мүмкін өнімді береді. Мұндай жағдайда аллергенді анықтау және оны жою оңай. Анықтағаннан кейін ашығуды қайталап, клизма (дәрі-дәрмексіз) жасау керек. Содан соң, аллергия туындамайтын өнімдерді пайдаланылады.

Алдағы уақытта ата-аналар баланы дұрыс тамақтану негізін әдетке айналдыру керек.


Есекжем кезіндегі альтернативті диета


Есекжемнің дамуы өзге себептермен түсіндірілетін жағдайларда баланың балама емдеуді таңдап алу керек: 

  • Егер теріге бөртпе дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан шықса, онда аталмыш дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейін емделу керек. Бұдан басқа, дәрігер таңқурай, құлпынай, шие, қияр, қызанақ және т.б. сияқты көкөністерді, сондай-ақ тағамдық қоспаларды рационға қосуға тыйым салады.

  • Егер физикалық есекжемнің дамуы орын алса, онда тұтынатын тұздың мөлшерін азайту керек.

Балалардағы есекжемнің асқынуын алдын алу


Бөрпенің қайта шығуын болдырмау үшін алдын алу шараларын жасау керек:

  • аллергендермен байланысты толығымен жою;

  • иммунитерапия курсын өту;

  • тағайындалған диетаның негіздерін ұстау;

  • дәрігерлер белгілеген дәрі-дәрмектерлі мұқият қадағалау (егер балада антибиотиктерге аллергия болса, оны қабылдамау);

  • ас қорыту және жүйке жүйелерімен байланысты мәселелерді емдеу.

Бұдан басқа, есекжемнің пайда болуын алдын алу пәтерді үнемі тазалаудан, аллергендерді жоюдан (мысалы, үй жануарларын туыстарға беру немесе арнайы қорғайтын орынға өткізу)тұрады. Баланы шомылдырғанда, оның терісіне (жақпамайлар, майлар, ұнтақтар) қолданатын косметикалық заттарды ауыстыру керек. Кір жуатын ұнтақты, үйді тазалайтын заттарды аллергиясы бар кішкентай балалар тұратын үйлерге арнайы жасалған гипоаллергенді түріне ауыстыру керек.

Жоғарыда келтірілген шаралардан басқа, өзіңіздің балаларыңызға дәрумендік кешендерді сатып алуға ерекше назар аударыңыз. Құрамында Қиыршығыстық ангустата ламинариясы бар бөлек емдік-профилактикалық өнімді қолдану баланың ағзасын аллергиялық реакциялардың туындауына айтарлықтай берік етеді, сондай-ақ оны вирустар мен инфекциялардың зиянды ықпал етуінен қорғайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет