Балалардағы есекжем



бет1/2
Дата19.04.2020
өлшемі125,91 Kb.
#63037
  1   2
Байланысты:
Балалардағы есекжем
4 тема гин
Балалардағы есекжем

Қосымша тамақ, баланы шомылдыруға арналған жаңа заттарды пайдаланғаннан кейін ата-аналар баланың рационына жаңа өнімдердің енгізілуінің жағымсыз салдарына тап болады. Ол қарапайым есекжем болуы мүмкін. Аталмыш ауру туралы жалпы ақпарат, оның себептері, белгілері мен оны емдеу, жою тәсілдері осы мақалада қарастырылады.


Есекжем дегеніміз не?


Балалардағы есекжем – бірнеше аурудан тұратын патологияның атауы. Олар бөртпенің пайда болуымен байланысты. Бастапқы кезде қышыма сияқты көрінеді. Аталмыш бөртулер периметрі бойынша айқын қан кернеуі қалыптасатын, терінің жоғарғы қабытының ісінуі болып саналады. Орталығы – солғын. Іріңсіз бөртпенің көлемі әртүрлі (бір-екі миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін). Бөртудің сипаты – уақытша. Негізінде білуінің алдында бір күннен артық уақыт өтпейді.

Ауру ағымы бойынша есекжем жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бірінші кезеңі шамамен бір жарым айға созылады. Тез және кенеттен пайда болады. Егер баланың денесі алты аптадан аса бөртіп жүретін болса, онда дәрігер есекжемнің созылмалы түрін белгілейді.

«Балалардағы есекжем жұқпалы ма?» деген сұрақ ата-аналардың барлығын мазалайды. Ол сұрақтың жауабы әртүрлі, өйткені аурудың пайда болуының үш түрі бар: кенеттен, физикалық және байланысу.
Аурудың сипаты жедел, өзі жеке ауру ретінде немесе өзге патологияның белгісі ретінде көрінеді.

Балаларда есекжемнің пайда болу себептері


Балаларда есекжем пайда болатын барлық маңызды себептер көбінесе өзара түрленеді және сәбидің жас ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, алты айлық кезінде, аталмыш патология жіті түрде пайда болмайды, өйткені бұл кезеңде сәби анасының сүтінен басқа қосымша тағам (ерте қосымша тағам беретін жағдайды) қабылдамайды. Осындай себеп екі-үш жастағы балалар үшін негізгі болып саналады. Дәл осы кезде аллергиялық есекжем дамиды.

Есею процестерімен ағзаға айтарлықтай жиі көрініс табатын (егер оларды жоймаса) одан да көбірек факторлар әсер етеді.



Сондықтан балалар дәрігерлері мен дерматологтер есекжемнің келесідей себептерін көрсетеді:

  • Терапия ретінде өзге аурулардың «антибиотиктер» тобындағы дәрі-дәрмекті препараттарын белгілейді (оған пенициллин, сульфаниламид және т.б. жатады);

  • Вирустар мен микробтардың баланың азғасына зиянды ықпалы (герпес, гепатит В, С);

  • Жәндіктердің шағуы (ара, маса);

  • Аллергенді тағам  (цитрустар, бал өнімдері, тауық жұмыртқасының ақуызы және т.б.).

Балалардағы есекжемнің белгілері аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты өтеді.

Сондықтан «Балаларда есекжем неше күннен кейін кетеді?» деген сұраққа жауап беру қиынға соғады. 

Жалпы алғашқы белгілерін дер кезінде байқаса және дұрыс терапия белгіленсе, үш тәуліктен бес тәулікке дейін жойылады.

Психоматиканың негізін ескере отырып, мұндай аурулардан «өзін-өзі сендіру» күшінің арқасында жазылып кетеді. Егер баланы емделуге дайындап, бөрпе, қышыма және қызарған жерлер арнайы дәрі­-дәрмектерді қабылдағанда кетеді деп баланы сендірсе, бала ересектермен айтарлықтай жақсы қарым-қатынасқа түсіп, дәрігер белгілеген дәрілерді қуана-қуана қабылдайды. Демек, позитивті ойлаудың арқасында есекжемнен тезірек жазылады.


Жіті есекжемнің дамуын өршітетін факторлар


Балаларда жіті есекжемнің туындауына әсер ететін факторларға мыналар атап өтуге болады:

  • Экзотикалық және аллергиялық азық-түлік өнімдерін пайдалану. Есекжемнің жіті жағдайы балаларға теңіз өнімдерінің «дәмін татып көруге», цитрустар мен жаңғақтарды өте көп мөлшерде берген кезде, тағамға жасанды қоспаларды қосқан кезде айтарлықтай жиі орын алады;

  • Ара немесе сона шаққанан алған у;

  • Улы өсімдіктерден шығатын уыттар;

  • Вирустардың әсері;

  • Дәрі-дәрмектерді, қан компоненттерін жеке көтере алмау.

  • Қауіп-қатер факторларына есекжемнің пайда болуы мүмкін жағдайдағы отбасының балалар кіреді (мысалы, анасының кішкентай кезінде апельсин немесе балдан бөртпе шығатын болған).

Созылмалы есекжемнің даму себептері


Есекжемнің пайда болуына және оның созылмалы түрге жетуіне әсер ететін факторлар:

  • Қоршаған ортаның әсері (суық, салқын жел, қысым, вибрациялық қозғалыстар және т.б.);

  • Аутоиммунды аурулар;

  • Ішек құттары;

  • Эндокриндік жүйенің аурулары;

  • Аллергиялық патологиялар (мысалы, тыныс демікпесі, өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергия, оғаш түрдегі дерматит);

  • Созылмалы түрде бактериялардың, зеңдердің немесе вирустардың әсері.

Жалпы аталмыш патологияның туындауын терінің шырлы жасушаларының дамуымен және олардан цитоплазмалық түйіршіктерді жанындағы тінге орналастырумен байланыстырады. Осы түйіршіктердің құрамына кіретін дәл осы гистамин ісіп қызару процесінің медиаторы болып саналады.

Балалардағы есекжемнің белгілері


Есекжем дененің әртүрлі жерінде (тіпті аяқ пен қол ұшында, бастың түкті бөлігінде) жайылмайды. Шырлы жасушалар бас пен мойын аймағында ең көп шоғырланып орналасады, сондықтан осы жер көп қышиды.

Аурудың симптоматикасы мен оның көрінуін болжау мүмкін емес. Көбінесе ол кішкентай кезде кенеттен пайда болады. Бастапқыда тері қатты қыши бастайды, сонан соң сол жер күлдірейді. Көбінесе бөртпе еріннің, қабақтың, аяқ-қолдың, буындардың ісінуіне әсер етеді. Ісіну мен іріңсіз бөрту бір тәулікке (кейбір жағдайларда екі және үш күнге дейін) созылады. Күлдіреуіктер «жарылған» кезде баланың жағдайы нашарлайды, орны дуылдап, қышиды.

Ауыр асқынулар мен көрініс табатын түрлерінің бірі – Квинке ісігі. Мамандар оған «алып есекжем» деген атау берген. Мұндай жағдайда баланың терісі және тері шелі ісіне бастайды. Ең көп қауіп-қатер – тыныс алудың шырышты органдарының ісінуінің дамуы. Квинке ісігінің сипатты белгілері ретінде ауыр дем алу, мұрын және ерін айналысының көгілдірлік көгеруі, қатты жөтелуді атап өтуге болады. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше тезірек алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырту керек.

Бір жасқа дейінгі балаларда есекжем жіті түрінде пайда болады. Баланың температурасы 38 градустан жоғары бағанды көрсетуі мүмкін, сондай-ақ қатты қалтыраумен, бас ауруымен, жалпы көңіл-күйінің нашарлауымен сипатталады.



Терапиядан науқастың халі жақсармаған жағдайда «созылмалы есекжем» диагнозы қойылады. Оның негізгі белгілері ретінде бірден бөртпенің пайда болуын және іріңсіз бөрпе орнының қышуын, кезеңдермен өтетінін (біресе асқынып, біресе аурудың бетінің қайтуы сатысында болуы) атап айтуға болады. Қосымша вирустар әсер еткен кезде дерматиттің созылмалы түрі дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет