Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері Орындаған: Дармешова Балнұр


Балаларда да жүрек қан тамыр жүйесінің орталығы жүрек болып табылады.Ол постнатальды кезеңнің бастапқы 1 жылында овальді формалы, кейін 3 жаста – конус тәрізді формаға ие болады



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі120,9 Kb.
#91630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
балалардагы журек кан тамыр жуйесинин ерекшеликтери

Балаларда да жүрек қан тамыр жүйесінің орталығы жүрек болып табылады.Ол постнатальды кезеңнің бастапқы 1 жылында овальді формалы, кейін 3 жаста – конус тәрізді формаға ие болады.

Баланың жүрегі үздіксіз өсіп, жетіліп, 10 – 14 жастың арасында жүректің ақырғы тіндік дифференциясы аяқталады, сонымен морфологиясы жағынан өлшемінен басқа, ересектер жүрегінің даму дәрежесіне жетеді.


Баланың жасының өсуіне байланысты жүрек құрылысы да өзгереді. 3 жасқа дейін ұзынша бағытта өседі. Соның нәтижесінде 1 жаста сопақша, 3 жаста конус тәрізді пішінде болады. 2-6 жасқа дейін жүрекше мен қарынша бір қалыпты өседі. 10 жастан кейін қарынша тез өседі. Жүректің салмағы 5-6 жаста ұлдарда қыздарға қарағанда үлкен. 9-13 жаста қыздарда үлкен, 15 жаста ұлдарда үлкен болады. Сол жақ қарынша миокарды оң жаққа қарағанда тез өседі. 16 жасқа дейін осы көлемдері сақталады. 1 жастағы балаларда қарынша ішіндегі бұлшық етті трабекулалар ішкі бетін толық жабады. Трабекулалардың едәуір қатты өсуі жас өспірім шақта(17-20 жж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет