Байланысты: балалардагы журек кан тамыр жуйесинин ерекшеликтери
Миозин мен актин құрылымының молекулярлық ерекшелігі бар.
Миозин мен актин құрылымының молекулярлық ерекшелігі бар.
Балалардың миокардында өмірінің алғашқы айларында миозиннің бета-изомері байқалады, яғни салыстырмалы түрде төмен АТФ-азалық активтілігі болады. Бала организмінің өсуі кезінде ол жоғары АТФ-азалы активті альфа-изомермен орын алмастырады. Миокардтың қызметтік мүмкіндіктерінің жоғарылауына байланысты актин изомерлері мен оның альфа-формасының өзгерістері болады. Бұл процесс алғашқыда тәж артерияларының бұлшықеттерінде, кейін қарыншалар миокардінде және соңында жүрекше миокардінде орын алады.
Ерте жастағы балалардың эндокарды борпылдақтығымен ерекшеленеді, өскен сайын клапандары қалыңдайды.
Жаңа туған балалардың миокарды жіңішке, өзара толық ажырамаған, көп ұсақ, сопақша ядролары бар бұлшық ет талшықтардан құрылады. Дәнекер тіні мен эластикалық талшықтар аз дамығандықтан көлденең сызықталу және ұзынша бөліну нашар білініп тұрады. Жас өскен сайын миофибрилдер, Пуркинье талшықтары қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны азаяды. Дәнекер және эластикалық тіні одан әрі дамып, бұлшық еттердің көлденең сызықталуы күшейеді.
Эпикард жас балаларда өскен сайын қалыңдайды.
.