жастан бастап 7-8 жас аралығында дене массасының баяу өсуіне байланысты жүрек тінінің соңғы дифференцировкасы болады, 10 жаста оның гистологиялық құрылымы ересектердікіндей болады
Байланысты: балалардагы журек кан тамыр жуйесинин ерекшеликтери
3 жастан бастап 7-8 жас аралығында дене массасының баяу өсуіне байланысты жүрек тінінің соңғы дифференцировкасы болады, 10 жаста оның гистологиялық құрылымы ересектердікіндей болады.
2-10 жас аралығында жүрек бұлшықетінің дифференцировкасы мен өсуі болады. Миокард жуандығы циркулярлық қабықтың дамуына байланысты дамиды. 5-6 жастан бастап дәнекер тінінің саны жоғарылай бастайды, қантамырлық жүйенің магистральді типте дамуы басталады. Осы уақыттарда жүректің эластикалық аппаратының күші жоғарылай бастайды. Эндокардта жұмсақ бұлшықеттік қабық түзіледі. Пубертантты кезеңде өзгерістер тағы да басталады, қыз балаларда бұл өзгерістер темпі жоғары болады. Бұл кезеңде құрылымдардың диаметрі үлкейеді, ішкі мүшелер қантамырларының, нервтік аппараттың, қақпақшалардың құрылысы аяқталады.