Бөлімі: Өндірістік санитария
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс орнының микроклиматы. Ауаларға қойылатын талап.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру.
Ауаның ылғалдылығы 70-75% -ға жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені , бұл жағдайда дененің жылу алмасуы қиындайды.
Керісінше адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адамның денесі тоңази бастайды.-ге тең болғанда ағзаның ішкі және сыртқы қысымдары теңеседі.
Атмосфералық қысымның мөлшері сынап бағанасымен 760мм-ге тең болғанда ағзаның сыртқы және ішкі қысымдары теңеседі.
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсаты мен оқудың тапсырмаларын хабарлау, оны тәжірибе жүзінде көрсету, оқылатын материалды білім алушылардың алдына беру
Өндіріс бөлменің ауасы.
Өндірісті тексеру, технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, оларды тасымалдау мен өндеу жұмыстарынан басталады. Осы кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға болады. Бірақ шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан пайда болатын шаңдар да өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға тура келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының (Si O2) ауадағы тозаңмен қосындысының құрамдарын анықтау.
Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол қандай термомеханикалық, не басқа жолдармен өнделеді, осындай өндеу кезінде ауаға қандай азрозолдар тарайды, оның бәріне назар аударып, анықтап отыру керек. Сонымен қатар, технологиялық өндеу үзіліссіз бе, жоқ әлде үзіліспен бе, оған қосымша қолмен атқарылатын жұмыс бар ма? Бар болса оның адамға әсері қандай, бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз тарап тұрама, жоқ әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім (проба) алу кезінде тарайма, не жұмысшылардың кезек алмасу кездерінде ауа тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.
Шаң дегеніміз жұмыскердің денсаулығына зиянды ықпал ететін жіңішке дисперсиялы аэрозоль. Адам ағзасына шаң ұзақ әсер еткен кезде шаң бөлшектері тыныс жүйесіне түсіп, пневмоканиоз деп аталатын ауыр емделетін ауру туғыза отырып, өкпеге қауіпті өзгертулер әкеледі.
Басқа да өндірістегі зиянды факторларға шуыл мен дірілдеу кіреді, олардың ұзақ уақытқы әсері, жұмыскерлердің жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Олар адам ағзасына бірте – бірте әсер етеді және көпке дейін зақымданғандарын адамдар сезбейді.
Ұзақ уақытқы шуылдың адам ағзасына әсері немесе толық естуді жоғалтуға әкеледі, ал орталық жүйке жүйесіне әсер еткеннен даңғырлақ ауруына әкеледі. Адам жұмыс барысында неғұрлым ой еңбегін қатты сезінсе, соғұрлым зиянды шуыл әсер етеді. Шуыл көздері болып ұнтақтағыштар, шарлы диірмендер, конвейерлер, вентиляторлар және де басқа да жабдықтар жатады.
Дірілдеу дегеніміз механикалық серпімді денелердің тербелуі. Егер адамға дірілдеуі ұзақ уақыт әсер етсе, онда ол адамға дірілдеуік ауруы пайда болуы мүмкін.
Сондықтан жағымсыз факторлардың төмендеуіне ұмтылу керек.
Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйелері, жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін қысқартады немесе төмендетеді.
Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы кезінде әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.
Еңбек қауіпсіздігі талаптары – бұл заңды актілермен, нормативті техникалық құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген талаптар, оларды орындау ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Адамдарының жұмыс істеу зонасындағы (деңгейіндегі) шандарды анықтау үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6 м биіктіктегі деңгейден, ауаның пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау үшін, пробаны әртүрлі бейтарап көністіктерден де (жұмыс орынынан 1-3-5 м шамасындағы көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан да алады. Проба алған кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның температурасын, атқарылып жатқан жұмыстың қимылын, түрін, проба алу мезгілі қай уақытта болады, қанша уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.
Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3 ауада қанша мг шаң-тозан барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаң барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаңды анықтаудың екі тәсілі белгілі. Біріншісі, шаңды алдын ала сүзгімен ұстап, жинау, одан кейін аналетикалық таразыға салып өлшеу яғни 1м3 ауадағы тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл тәсілді орысша весовой деп атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.
Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала сүзгіге жинамай-ақ арнаулы оптикалық құралмен 1м3 ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.
Біздің елімізде ең кең тараған әдіс – салмақ әдісі (фильтрация). Осы тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.
Салмақтық тәсілінін орындалу жолы
Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен сүзгі арқылы сорғытып, ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа сорғызғанға дейін және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып, өлшеп, айырмасын, яғни шаңның салмағын тауып, оны бір м3 ауада қанша болатынын арнайы формула арқылы есептеп шығарады да, санитарлық нормамен салыстырып, тиісті қорытынды шығарады.
Өзіндік жұмыс (қажеттілігіне қарай)
Тақырып бойынша қосымша мәліметтер іздену
Жаңа тақырыпты бекіту, қолдану
1). Атмосфералық қысымның қалыпты мөлшері
2). Өндірістің ауасының ылғалдылығы?
3). Өндіріс орнының микрокиматын анықтау аспаптары
4). Өндірістегі микроклиматты тұрақтандыру үшін іске асырылатын шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |