Пиелонефрит ауруында инфекция бала организміне 3 түрлі жолмен өтеді:
v Гематогендік жолмен - әртүрлі ірің ошақтарынан немесе қабыну ошақтарынан қан арқылы өту;
v Лимфогендік жолмен – ірің ошақтарынан лимфа арқылы өту;
v Уриногендік жолмен – зәр шығару жолдары арқылы төменнен жоғары қарай тарау.
Классификация
Педиатрияда пиелонефриттің негізгі 2 түрін ажыратады біріншілікті және екіншілікті деп ажыратады. Біріншілікті пиелонефритте патологиялық процесс буйрек тіндерінде болады. Екіншіліктіде организмде басқада қабынулық процесстерден дамиды және өз кезегінде обструктивті және обструктивті емес болып бөлінеді.
Аурудың ағымы бойынша жедел және созылмалы болып бөлінеді.