Пиелонефрит ағымы бойынша өткір (6 айға дейін), қайталанғыш және жасырын түрде өтеді. Жедел пиелонефриттің клиникалық белгілері жедел дене қызуы көтерілуден, интоксикациядан басталады. Одан кейін диспепсиялық, дизуриялық белгілер қосылады: баланың іші ауырып, құсады, жиі дәретке отырады, кейде кіші дәретін ұстай алмау байқалады (шыжың-энурез). Баланың іші, белі ашып ауырады, Пастернацкий белгісі оң нәтиже көрсетеді. Зәрдің жалпы тексерісінде өзгерістер пайда болады: зәрдің мөлдірлігі төмендейді, көп мөлшерде эпителий клеткалары, лейкоциттер – лейкоцитурия, бактериурия, гематурия анықталады. Қанда лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) артады, қаназдық (анемия).