Балалардың 3 айға дейінгі дамуы


ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА



бет27/31
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#81116
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
3 апта Касымова

ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА:
1. Бала өз аты аталғанда мән бермейді, атын атап, шақырған- да тоқтамайды;
2. Бала әңгіме немесе сыбыр деңгейінде шыққан дыбыс көзіне басын бұрмайды;
  • Былдырламайды немесе былдыры өте әлсіз, солғын;
  • Бала анасы өтінген қарапайым әрекеттерді орындай ал- майды (бер, сау бол, маған кел және т.с.с.)

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
Қуаныштан айғайлағанда жалпы хал-жағдайының орнықтылығы және өз бетінше дыбыс шығара алу мүмкіндігіне қуаныш көрінуі мүмкін. Ол қысқа, үзіл- мелі дыбыстармен, дауыс сарынының оқыс өзгеруімен сипатталады.
4-5 айлығында балада әуенді «а-а-а», «у-у-у» дауыс- ты дыбыстары пайда болып, кейін «ау-ау-ау» немесе
«вау-вау» дыбыстарына айналады. Бұл кезеңде гу-гу- леу қарқынды дамиды. Бөбек өзіне назар аудару үшін, ересектермен байланыс орнату үшін түрлі дыбыстар шығарады.
5-6 айлығында былдыр пайда болады, балалар бастапқы «ба-ба», «ва-ва», «ди-ди» және т.с.с. буындарды айта алады.
Әртүрлі дыбыс тізбектерін шығарғанда, бала оларды нақты кідірістермен, әртүрлі дыбыс және сарын күшімен ажырата алады.
6 айдан кейін бала нұсқау қимылын игереді, ересектер
«қаңқыл-қаңқыл», «аф-аф», «ба-ба» дыбыс тіркестерін айтқанда және «қайда» деген сұрақ қойғанда – қажет бағытта бұрылып, саусағымен нұсқайды.
Осылайша, өзіне қаратылып айтылған сөзді түсіну, заттарды және айналадағы кеңістікті іс жүзінде игеру тәжірибесінің аясы кеңейе береді. 9-12 айлық жаста бала айтылған сөзге еліктеу дағдысын меңгереді, ересектердің артынан жаңа буындарды айтуға талпынады. Таныс жайттарды, заттарды таңбалау үшін бала бір буынды немесе өзге дыбыстық тіркесті пайдаланады. Осындай «алғашқы» сөздердің мән- мағынасы кең болуы ғажап емес. Дәл осы жаста бала тыйым салғанда құлақ асады, өтінгенде қарапайым әрекеттерді орындай алады – бұл тіл мен сана дамуындағы маңызды кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет