ЖАҚСЫ АТА-АНА болуды үйренеміз 0 АЙДАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ Жаңа туылған нәресте жарықты қараңғы- дан ажырата алады. Алғашқы бірнеше күн ішінде сәби құрамдас бөлшектерін ажыратып көре алмаса да, ірі заттардың сұлбасын айыра алады.
Өмірінің алғашқы аптасында бала түстерді ажырата ал- майды және тек түсі бір-біріне кереғар нысандарды ғана көреді. Яғни, алғашқы күндері және айлары сәбидің көз жітілігі, сонымен бірге, түс ажырату қабілеті әлі жетілме- ген болады.
Өмірінің 1 айында бала өз көз деңгейінде 20-40 см қашықтықта орналасқан затқа немесе ересек адам- ның жүзіне көз тоқтата алуы тиіс, бетінен 20-40 см қашықтықта көз деңгейінде көлденеңінен баяу қозға- латын түсі жарқын заттарды бақылай алуы тиіс, жарық көзіне қарай алуы тиіс.
Өмірінің алғашқы айларында бала дамуы аса қарқынды жүреді. Әрбір даму саласында күн-
делікті өзгерістер орын алып отырады. Балақай жаңа дағдылар мен қабілеттерді тез жинап, тез үйрене бастайды. Ұсынылған ақпарат балақайлардың ата-анала- рына оның ерте жастағы дамуындағы мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
1 айдан 2 айға дейін баланың заттардың құрамдас бөліктерін және түстерді ажыра білу қабілеті бірте-бір- те жетіледі. Бұл ретте түстерді ажыра білу қабілеті келесі кезекпен дамиды: көк, сары, жа- сыл, қызыл.
i