КӨРУ ҚАБІЛЕТІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР ҚАУІП-ҚАТЕРІ ТОБЫ
Құрсақ ішінде жұқпалы сырқаттармен (токсоплазмоз, хламидиоз және т.б.) ауырған балалар;
Шала туылған балалар (өмір тарихында - жасанды өкпе желдету, жан сақтау шаралары жасалған);
Генетикалық синдромдары бар балалар;
Жүйке жүйесінде ауытқушылықтары (гидроцефалия, бас миының органикалық зақымдануы және т.б.) бар балалар;
Тұқым қуалайтын ауыр сырқаттарға шал- дығуға бейім балалар (ата-анасының жоғары дәрежелі миопия сырқаты, анасының қант диабетімен ауыруы);
Есту қабілетінде бұзылушылықта- ры бар балалар;
Көру органы зақымдалға- нының сыртқы белгілері (экзофтальм, қылилық, көз қа- рашығының әдеттен тыс түсі немесе пішіні) бар балалар. Бұл топтағы балалардың көру қабілетінде ауытқушылықтар орын алу ықтималдығы жоғары, сондықтан, оларды тексеру және бақылау аса тиянақты жүргізілуі тиіс.