Есту қабілетіндегі ауытқушылықтар қауіп-қатері тобы:
- Анасының жүктілік кезінде жұқпалы және вирустық сырқаттармен (қызамық, қызылша, тұмау, цитамегаловирус жұқпасы, ұшық, токсоплазмоз) ауыруы;
- Жүктілік кезіндегі токсикоз және жүктіліктің үзілу қаупі туындауы;
Кейде бұл жаста қылилыққа душар болған баланың көру қабілетінде бұзылушылық бар деген қате пікір қалып- тасады. Алайда, көз мамандары аздаған қылилық 6-7 айлық жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жағдай деп түсіндіреді.
3АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Бала дүниеге келгенде оның есту қабілеті, көру қа- білетіндей жетілмеген күйде болады. Нәрестенің есту сезімталдығы жеткіліксіз, себебі, оның орта құлағындағы қуысы сұйықтыққа толы болады, осы сұйықтық дыбыс тербелістерін таратуды қиындатады.
Әдетте дені сау, толық тоғыз айдан кейін дүниеге келген бала жоғары жиілікті дыбыстарды және 70-80 дБ ды- быстарды (көтеріңкі дыбыстар – телефон қоңырауы, му- зыка аспабында ойнау, айғай) естуі тиіс. Бұл жаста сәби көтеріңкі дыбыстарды естігенде селк етеді, қалшия қалады, көзін жыпылықтатады, сору ырғағын
өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |