Балалардың 3 айға дейінгі дамуы


РЕАКЦИЯСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУІ ТИІС



бет10/31
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#81116
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
3 апта Касымова

РЕАКЦИЯСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУІ ТИІС:
  • Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында қатты дыбыстар шыққанда селк етпейді;
  • Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында дауыс естісе, қалшия қалмайды;
  • 3-4 айлығында бала дыбыс көзіне қарай басын бұрмайды;
  • 3-4 айлық бала анасының дауысын естігенде жандана түспейді;
  • 2-4 айлығында бала гу-гулей бастамайды.

ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ АТА-АНА- СЫ БАЛАДАН ОСЫ БЕЛГІЛЕРДІ БАЙҚАМАСА, ОНДА БҰДАН ДА ТИЯНАҚТЫ, ӘРІ МҰҚИЯТ БАҚЫЛАУ МЕН
ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН.
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1
Кейінірек, жылау тек физикалық емес, сондай-ақ, бала- ның жан қиналысын да білдіре бастайды.
Күлімсіреу сияқты ұнамды сезімдер балада айғайдан кешірек пайда болады. Авторлардың көпшілігі бала- лардың күлімсірей бастауы 4-6 аптада басталады деп санайды. Біздің байқауымызша, сәби өмірінің алғашқы аптасында, ал кейде, алғашқы күні-ақ күлімсірей бастайды. Бірақ бұл жастағы күлімсіреу айналасын- дағы ересектермен қарым-қатынас белгісі емес, тек физикалық тұрғыдан толығымен жайлы сезіну
күйін білдіреді.
Алғашқы, «әлеуметтік» күлімсіреу (яғни, қарым-қатынасқа бағытталған) бала өмірінің 1-1,5 айына қарай пайда болады. 4-6 айлығында
бөбек анасының жұмсақ дауыс ырғағына, жүзін жақындатқанына күлімсіреп жауап береді.
2,5-3 айлығында бала, әдетте, да- уысты дыбыстарды және көмей- лік дыбыстарды әуендетіп айтып, гу-гулей бастайды.
3 айлығында бала өз дауысын басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін қолданады: ол «ау-ау» деп дыбыстайды, сосын біраз үнсіз қалады, ересекке қарап, жауап күтеді, ересек адам жауап қайтарғанда ол сол ересек сөйлеп біткенше күтеді де, қайтадан «ау-ау» деп бастайды. Қалыпты дамып келе жатқан бала «тірі емес» заттармен осылай «сөйлесуге» тырыспайды, олардың тарапынан дыбыс немесе өзге жауап күтпей- ді.
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату, күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы (бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды) кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.
ӘЛЕУМЕТТІК КҮЛІМСІРЕУДІҢ ЖӘНЕ ГУ-ГУЛЕУДІҢ, ЕРЕ- СЕК АДАМНЫҢ БЕТ-ЖҮЗІНЕ КӨЗ ТОҚТАТУДЫҢ, ЖАНДА- НУ КЕШЕНІНІҢ ЖОҚ БОЛУЫ НЕМЕСЕ КЕШ ПАЙДА БОЛУЫ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ БҰЗЫЛУШЫЛЫҚТАР БАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет