Балаларды қабылдау
|
Балалардан бүгінгі көңіл- күйлерін сұрау.
Дидактикалық ойын
«Менің үйім»
Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштардан биік үй құрастыру.
Құрастыру
|
Дидактикалық ойын
«Нейрожаттығулар»
Мақсаты: Баланың көзбен көру аумағын кеңейту.
Сенсорика
|
Сюжеттік ойын:
«Біз спортшы баламыз»
Мақсаты: Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру.
Дене шынықтыру
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Ата-аналармен жеке әңгімелесу, Жеке балалармен жұмыс, дене қызуы мен
тазалығына көңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.
Әнұран айту.
«Қуыр-қуыр, қуырмаш» саусақ ойыны:
Мақсаты: саусақ қимылын жетілдіру, үлкендерден кейін қайталап айтуға үйрету. «Түстесін тап» дидактикалық ойын
Мақсаты: екі түрлі түстегі дөңгелектерді ажыратып, топтастыруға үйрету.
Сенсорика
|
Қимылды ойын:
«Дәрумендер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету.
Қоршаған ортамен танысу
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
|