ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Пияз отырғызу»
Мақсаты: балалардың пияз туралы білімдерін нақтылай түсу (домалақ, сары, тамыры, сабағы).
Міндеттері:
Білімділік: пиязды бұрандалау тәсілін қолдана отырып отырғызуды үйрету, өсімдік тірі, оған ауа, су, жылу керектігін түсіндіру;
Дамытушылық: байқампаздық, қызығушылықтарын арттыру ;
Тәрбиелік: табиғатқа деген қызығушылығын, денсаулықтарына деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу, балалардың сөздік қорын кеңейтіп, белсендіру.
Сөздік жұмыс: тамыр, сабақ, қабық
Қостілдік компоненет: тамыр – корень, сабақ – стебель
Қажетті құрал - жабдықтар: пияздың суреттері, бала саны бойынша пияз , пияз отырғызуға арналған ыдыстар, суқұйғыштар, қасықтар, тәрелкелер, майлықтар, топырақ, стакандар
Іс - әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е. Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.
Шаттық шеңбер:
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз
Топқа пошташы келіп, сәлем- сауқыт салынған қорапша әкеледі де, оны балаларға Айболит дәрігер жібергенін айтады.
|
Жарты шеңберде тұрады
Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.
Келген қонаққа қуанады, пошташымен амандасады.
|
Ұйымдастыру– іздестіру
|
Тәрбиеші қорапты сығалап, қатты таңданады (қораптың кішкентай ғана қол сиятындай тесігі бар) .
Әңгімелесу.
Балалар, бұл қораптың ішінде не бар екенін тауып көріңдерші. Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Таба алмасаңдар, мына тесікке қолымызды тығып, оны ұстап көрейікші.
Ал, енді иіскеп көрейікші. Балаларға иіскетіп көреді.
Дұрыс таптық па екен, соны білу үшін, менің жұмбағымды тауып көріңдерші.
Жұмбақ жасырады.
Домалақ бір дәрумен,
Сары тонға киінген,
Жылатады аршысаң,
Ашты, өткір иісімен.
Ол не?
Дұрыс айтасыңдар! Бұл пияз . Неге Айболит дәрігер бізге пияз жібергенін білгілерің келеді ме?
Онда, ноутбуктың экранына назар аударыңдар (ноутбуктен слайд көрсете отырып , қысқаша мәлімет беру)
Пияз туралы ақпараттық слайд көрсету.
(слайд арқылы пияздың адамға деген пайдасы, оның құрылымы туралы мәлімет беріледі, сөздік жұмысы да осында жүргізіледі)
Тақтамен жұмыс.
Балалардың назарын тақтаға аудартып, сурет арқылы алған мәліметтерін сұрақ – жауап арқылы бекітеді.
Пияздың қандай бөліктері бар екен?
Пияздың адамдарға не керегі бар екен?
Пияз орысша - «лук», ағылшын тілінде - «onion» деп айтылады.
Ендеше, біз де өз тобымызға пайдалы пиязды отырғызып қояйық.
Маған көмектесесіңдер ме?
Онда «Ғылым орталығына» өтейік.
Пияз отырғызу: (алдын ала үстел үстінде келесі заттар дайын тұрады: бір ыдыста топырақ, әр баланың алдында тәрелкеде пияз отырғызатын сауыттар жартылай топырақ салынып қойылған, суы бар стакандарда тамырландырылған пияз, қасықтар, суқұйғыштар, таза , құрғақ сүлгілер )
Міне былай сауытты аламыз, оған былай бұрандалап пиязды тамыр жағымен отырғызамыз. Енді жан – жағына қасықпен топырақ себеміз, өскінді жабуға болмайды. Ол жерден пияздың сабақтары өсіп шығады. Енді пиязымызды суарамыз, бірақ пиязды суарғанда тек қана айналасындағы топырағын ғана суарамыз. Міне дайын болды.
Енді, бәріміз бір – бір пияздан аламыз, мен айтып тұрамын, ал сендер өздерің пиязды отырғызасыңдар.
Жеке жұмыс.
Икемі келмей бара жатқан балаға көмектесіп жібереді.
Сергіту сәті:
(Сергіту сәтінде ойын ойнайды)
Бір баланың басына пияздың маскасын кигізеді.
Бізде үлкен бақша бар, онда пияз өседі.
Үлкендігі мынадай, биіктігі мынандай.
Пияз енді бізге кел, бізбен бірге билеп бер. (осы сөзден кейін пияз – бала билейді)
Дидактикалық ойын: «Пиязды құрастыр»
Шарты: қағаздан жасалған пиязға, жасыл қыстырғыштардан өскіндер қыстырып, құрастыру.
Кім пияз туралы тақпақтар біледі?
Балалардың тақпақтары:
|
Қызығушылықпен қарап отырады.
Балалардың дербес жауаптары.
Қолдарын тығып, ұстап көреді, не екенін табуға тырысады. Әр баланың жауабы.
Иіскеп көреді, ойланып, не екенін тауып айтуға тырысады.
Зейін қойып тыңдайды.
Жұмбақты тыңдайды, ойланып көреді, жауабын табуға тырысады.
Слайд тамашалайды.
Пияздың тамыры, өскіні, сабағы болады. Түсі сары. Сабағы жасыл болады.
Пияз микробтарды өлтіреді.
Пиязда аурулармен күресетін дәрумендер көп.
Пияз адамға пайдалы.
Өзге тілдердегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Ғылым орталығына өтеді.
Қызығушылықпен тыңдайды, қарап бақылайды.
Мұқият, қызыға қарайды. Тәрбиеші жұмыс барысында көмек көрсетіп отырады.
Ортаға Пиязды алып тұрады. Қимылдарын барлық балалар көрсетеді, ал пияз билеп бер дегенде пияз билейді.
Балалар қағаздан жасалған пиязға, жасыл қыстырғыштардан өскіндер қыстырып, құрастырады.
|
Рефлексивті– түзетушілік
|
Белгі беру. Дауылпазбен белгі беру.
Қорытынды:
Суреттерді көрсете отырып, сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетті қорытындылайды.
Пияздың адамдарға қандай пайдасы бар?
Пияздың құрылымын еске түсірейікші. Қандай бөліктері бар?
Пиязды орысша не дейміз?
Балаларды мақтап – мадақтайды.
|
Балалардың дербес жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: пияздың пайдасын біледі;
Болу керек: пияз , оның құрылымы жайлы мағлұмат;
Істей білу керек: пиязды ересектердің көмегімен отырғыза біледі
Достарыңызбен бөлісу: |