Көркем сөз «Бата» Дастарқаныңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Бастарыңа амандық берсін! Әумин
Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық.
Көркем сөз Қолымызды жуамыз,
Асханаға барамыз
Асханаға барған соң
Тамақ ішіп аламыз.
Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Жегеніміз нан болсын!
Айтарымыз ән болсын!
Тамақ берген апайға,
Айтарымыз оң болсын!
Әумин!
Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету.
Нан туралы тақпақ Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)
Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау,
Сурет салу «Құмыра»
Мақсаты:Құмыра туралы түсінік беру. Құмырамен таныстыру.
Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б.
Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет «Үйшік»
Мақсаты:Үйшік ертегісімен таныстыру. Рөлдерді бөліп ойнауға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру Дидактикалық ойын: «Пайдалы және зиян тағамдар»
Мақсаты: Дәрумендердің пайдасы жөнінде түсінік беру.