Балаларды мектепке дайындау


Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері



бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#119029
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
531535.pptx

Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері

Психологиялық дайындықты құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді


А.Жеке дайындық
Ә.Зияткерлік дайындық
Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық
В.Физиологиялық дайындық. 

А.Жеке дайындық (5,6). Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады.Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель,оқулық,дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәреже дамыған бала болып табылады. Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады. Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.


Ә.Зияткерлік дайындық.
Бұл түрі баланың нақты білімі мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.
Сондайақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып,есте сақтай алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді.Осы дайындық түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:
саралап қабылдау; аналитикалық ойлау; нақтылыққа талпыныс; логикалық есте сақтау; білуге құштарлық; сөйлеу тілін игеру; қолдың қозғалысы мен көру қозғалыс үйлесімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет