Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ-не) дайындық
|
Д/ ойын: №1
«Не өзгерді?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту
|
Д/ойын:№2 «Түстерді топтастыр»
Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
|
Балабақшадағы қызықты күндер жайлы әңгімелесу
Жанды домино
Балалардың түр-түс жайлы білетіндерін, бірдей, жұп сөздері туралы түсініктерін дамыту.
|
Д/ойын:№3 «Жемістер мен көкеністерді ажырат»
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту
|
ҰОҚ
(кесте бойынша)
|
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: « Менің Отаным Қазақстан»
«Ққ» дыбысы мен əрпі
Мақсаты:
Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ажыратып, дұрыс дыбыстау.
Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау «Ққ » дыбысы мен əрпін таныту.
Д/ойын: «Қарама қарсы сөздер»
Мақсаты: Сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой өрісін, қабілетін дамыту
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Ұлттар достастығы» ұлттық мемлекет туралы түсінік беру. Достық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алақай, қыс келді!» Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарына бақылау жасау арқылы балалармен бірге табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізуді жетілдіру. Д/ойын: «Қайсысы қайда тіршілік етеді» Мақсаты: Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарай табу, олардың қайда тіршілік ететінін анықтау
|