Мотивация-лық қозғаушы
Ұйымдастыру-шылық ізденістік
Рефлексиялықтүзетушілік
|
Тәрбиеші оқу іс – әрекетін шаттық шаттық шеңбермен бастайды.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
(әуенмен слайд арқылы «Қыс» көрінісі көрініп тұрады )
Өте жақсы балалар!
Аяз қысып өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға онбығып, бет домбығып
Сырғып балалар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйтқып боран соғады
Айтыңдаршы балаларым
Бұл қай кезде болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар қыс мезгілінде кандай өзгерістер болады ?
- Қыс мезгілінде неше ай бар, кім атап береді?
-Балалар қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы
«Қызықты математика »
Ғажайып сәт «Қоян»
Балалар бізге қонаққа « Қоян» келді
«Қоян» балалармен амандасып балаларға дайындаған тапсырмасы барын айтады. Балалар біз «қоянның»
тапсырмаларын орындауымыз керек.
- Ал ендеше сіздерге сәттілік тілеймін!
1- тапсырма:Қысқы ойындарды ата?
«Сурет бойынша әңгіме»
2- тапсырма:Түстерді үш тілде ата?
3 тілде атау. (қазақша, орысша, ағылшын тілінде)
3- тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Пішіндер неге ұқсайды?
4-тапсырма: Заттар қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Ұқсас заттарды сызық арқылы қосу
5-тапсырма:«Ойлан тап»Үстелдің үстінде үлкен қызыл текше мен кішкентай текшелер бір – бірімен араласып кеткен. Текшелерді рет – ретімен кою. Текешені алып,балаларға сұрақ қою:
Бұл не?
Олардың түсі қандай?
Текшенің қайсысы үлкен?
Текшелерді бірінің үстіне бірін қойып жинай аламыз ба?
Дұрыс ол текшенің төрт қабырғасы тең болғандықтан оны бір орннан екінші орынға қоя аламыз.
Текшелердің үлкен және кішкентай екенін қалай білеміз?
Текшелерді қай қолмен алу керек?
Қай жақтан бастап қою керек?
Мынау не?
Түсі қандай?
Ал балалар дөңгелекті бірінің үстіне бірін қойып жинай аламыз ба ?
Сергіту сәті
6- тапсырма«Кім біледі»
(Салыстыру)
Тәрбиеші ортаға екі баланы шығарады
Балалар Азамат пен Рамазанның кімнің бойы ұзын?
осылай ойын жалғасады
Топтағы машиналарды алып бір үлкен машина мен кішкентай машиналарды салыстыру
Қай машина үлкен?
Қайсысы кішкентай?
Балалар топта Тәрбиеші неше?
Ал топта балалар нешеу?
Тағы да басқа заттарды салыстыру.
Өте жақсы жарайсыңдар балалар.
-Ал енді балалар бойымызды сергітіпалайық
7- тапсырма «Сыңарын тап»
Колгаптардың сыңарын сызық арқылы қосу
8- тапсырма «Пішін бойынша Оң және сол қолғаптың сыңарын тап»
9-тапсырма « Бұл қай кезде болады»
Жұмбақтар шешу
Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті- қолды жуамыз
Әкемізге ереміз
Бақшамызға келеміз
Бұл қай кезде болады?
Серуенге шығамыз,
Тамақ ішіп аламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз.
Бұл қай мезгіл?
Күн батады қызарып
Біз кішкене ойнаймыз
Анамызды күтеміз
Үйге қайтып кетеміз
Бұл қай мезгіл?
Үйлерде жарық жанады
Демалады бар әлем
Тәтті ұйқыға батамыз
Бұл қай кезде болады?
10 –тапсырма «Кім зерек » үлкен-кіші сақиналарды рет- ретімен жина
деп аталады.
Екі бала ортаға шығып, үлкен –кіші сақиналарды салыстырып рет- ретімен жинап жарысады.
Өте жақсы, балалар зейінді, білімді екенсіңдер.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық ?
Біз түстерді атадық пішіндерді білдік көптеген ойындар ойнадық.
Әртүрлі тапсырмаларды орындадықБіз барлығымыз қол ұстасып тату, дос болуымыз керек.
Балалар оқу іс-әрекетіне белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет сендерге
Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
|
Балалар шаттық шеңбер бойына тұрып, өлеңді тәрбиешімен бірге жатқа айтады, қимылдар жасайды .
-Қыс мезгілінде болады
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде
күн суытады, аяз болып, боран болады,
-Жер бетін аппақ қар басады
-Үш ай бар-Желтоқсан, Қантар, Ақпан
-Адамдар жылы киімдерін киеді
-Шанамен сырғанау,
аққала жасау,қар лақтырып ойнайды,
Ақ-белый-white
Қара-черный-black
Қызыл-красный-red
Сары-желтый-yellow
Жасыл-зеленый-green
Көк-синий-blue.
Үшбұрыш-түсі қызыл үйдің шатырына, сәукелеге ұқсайды.
*Төртбұрыш-түсі көк терезе, есік, кітапқа ұқсайды.,.
*Дөңгелек-Түсі сары,
допқа, күнге ұқсайды
Әр затты өзіне ұқсас пішінді сызық арқылы қосу
-Текше
-Қызыл және сары
-Қызыл текше үлкен
-Иа
-Үлкен текшенің үстіне кішкентай текшелерді қойып салыстрамыз
Оң қолмен
Солдан оңға қарай
рет- ретімен қоямыз
жоқ себебі ол дөнгелек болғандықтан домалайды
-Азаматтың бойы ұзынал Рамазанның бойы қысқа
-Жүк машинасы үлкен
-Жеңіл көлік кішкентай
- Біреу
- Көп
-Балалар қолғаптың сыңарын тапып сызық арқылы қосады
-Балалар қолғаптардың арасынан оң және сол қолғаптарын тауып оң қолдарын котереді
Балалар үлкен –кіші сақиналарды салыстырып рет- ретімен жинап жарысады.
Балалар жауабы
түстерді үш тілде айттық, пішіндердіатадық,тапсырмалар орындадық, ойындар ойнадық
балалар мадақталып сыйлықтар таратылады
|