Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Сұлтанғалиева Фариза Мұхамбетжанқызы, Атырау қаласы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Биік- аласа,Қалың-жұқа.Кең-тap. 0-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттықтыру.
Мақсаты: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, ұзын - қысқа деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою, бастыру арқылы салыстыруды үйрету. Монтессори элементтерін қолдана отырып балалардың ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың қол моторикасын дамыту.Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, теңестіру, салыстыру, бастыру, сергіту жаттығуы.
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: монтессори элементтері, тақырыпқа байланысты суреттер.
Жүру барысы
Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Балалармен бірге амандасу.
Күннен қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден қуат алайық,
Алақанға салайық.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Бәрін-бәрін жинап алып,
Бойымызға жинайық
Тәрбиеші: балалар топтың іші қандай?
Балалар: кең, жарық.
Тәрбиеші: ендеше балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз математикалық сөздер деп аталады. Оған ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар,қалың-жұқа ұғымдары жатады.
Тәрбиеші: балалар экранға назар аударайық. Суреттерді салыстыру арқылы қандай ұғымды
білдіретіндерін айтамыз. Слайд.
Тәрбиеші: балалар нешеге дейін санап білесіңдер? Сол сандарды үш тілде санап берейік.
II. Сабақ мазмұны: Монтессори элементтерімен жұмыс. Презентация көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |