Сабақ тақырыбы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.
Сабақта қарастырылатын құндылық:Ақиқат
Қалыптастырылатын қасиеттер:Болмысты тану, әділ болу, ізденімпаздық.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік дағдыны игерту.
Сабақтың түрі:Интеграциялау
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білім берушілік: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.
2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.
Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.
Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.
Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.
Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.