Сабақ жоспары №1
Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Күні:
|
|
|
|
|
Тобы:
|
МД - 215
|
МД -
|
МД -
|
МД -
|
Сабақ тақырыбы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.
Сабақта қарастырылатын құндылық:Ақиқат
Қалыптастырылатын қасиеттер:Болмысты тану, әділ болу, ізденімпаздық.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік дағдыны игерту.
Сабақтың түрі:Интеграциялау
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білім берушілік: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.
2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.
Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.
Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.
Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.
Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
II.Дәйексөз: «Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен».
III.Жаңа тақырыпты түсіндіріу кезеңі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.
Жоспар:
1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің мақсаты.
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің міндеттері.
IV.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.
Қарапайым математикалық түсініктің қайнар көзі
|
айналадағы нақты шындық
баланың ересектермен тілдесуі
V.Бекіту кезеңі:
1.Дидактикалық ойын: «Қай сан жетіспейді?»
VI.Үйге тапсырма:
1.Дәрісті оқу ( 3-5 беттер)
2.Дидактикалық ойын.
VII.Бағалау.
Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.
VIII.Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
IX.Жүректен жүрекке
Ризашылық әні автор:Луиза Хей
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге,(2 рет)
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)
Достарыңызбен бөлісу: |