Сабақ жоспары №1 Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі



Дата26.08.2017
өлшемі258,34 Kb.
#28397
түріСабақ
Сабақ жоспары №1

Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

Күні:













Тобы:

МД - 215

МД -

МД -

МД -

Сабақ тақырыбы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.

Сабақта қарастырылатын құндылық:Ақиқат

Қалыптастырылатын қасиеттер:Болмысты тану, әділ болу, ізденімпаздық.

Сабақтың типі: Жаңа білім, білік дағдыны игерту.

Сабақтың түрі:Интеграциялау

Сабақтың мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білім берушілік: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.

Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.

Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.

Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II.Дәйексөз: «Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен».

III.Жаңа тақырыпты түсіндіріу кезеңі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.

Жоспар:

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің мақсаты.



2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің міндеттері.
IV.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.


Қарапайым математикалық түсініктің қайнар көзі


айналадағы нақты шындық



баланың ересектермен тілдесуі

V.Бекіту кезеңі:

1.Дидактикалық ойын: «Қай сан жетіспейді?»

VI.Үйге тапсырма:

1.Дәрісті оқу ( 3-5 беттер)

2.Дидактикалық ойын.

VII.Бағалау.

Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.

VIII.Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

IX.Жүректен жүрекке

Ризашылық әні автор:Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге,(2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні, міндеттері.

Жоспар:

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің мақсаты.

2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің міндеттері.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі – бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің міндеті – дидактикалық негіздерін зерттеу және жинақтау.

Алғашқы математикалық білім мен іскерлікке оқытудың міндеті – меңгеретін білім мен іскерліктегі байланыстарды өз бетімен табу қабілетін дамытудағы ең мәнділерін бөліп алу.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру;

- заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру;

- көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Сан мен санау

Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.

Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.

Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.

«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйрету.

Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.



Көлем

Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.



Геометриялық пішін

Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуін жетілдіру.

Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.

Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.



Кеңістікті бағдарлау

Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).

Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

Уақытты бағдарлау:

Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.

Үлкендер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері:

- зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;

- танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру;

- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету;

- мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

- заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау;

- кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

- геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:


Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.

Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.

«Көп», «аз», «біреу» деген ұғымдармен таныстыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту.

Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Қандай?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден – затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа теңдей алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке»).

Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.



Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру.

Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, («Жасыл матрешка – ең биігі, қызыл – аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).

Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету.

Шартты өлшеммен өлшеуде заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.

Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.

Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.



Геометриялық пішіндер. Геометриялық денелер – куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.

Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.

Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.

Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру.



Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.



Уақытты бағдарлау. Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.

Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру.



Заттың салмағын анықтау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»).

Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.

Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды салмағына қарай анықтай білу, оларды өлшемдеріне қарай орналастыру шеберлігін дамыту.

Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.

Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.

Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім берудің міндеттері:

Заттардың түрлі тобының санды, сапалы бағалануына балалардың назарын аудару, математикалық мазмұны бар ойындарға қызығушылығын арттыру.




Сабақ жоспары №2

Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

Күні:













Тобы:

МД - 215

МД -

МД -

МД -

Сабақ тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі .

Сабақта жарыққа шығарылатын құндылық:Ақиқат

Қалыптастырылатын қасиеттер:Болмысты тану, әділ болу, ізденімпаздық.

Сабақтың типі: Жаңа білім, білік дағдыны игерту.

Сабақтың түрі:Өзін-өзі тану пінңмен интеграциялау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білім берушілік: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.

Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.

Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.

Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II.Дәйексөз: «Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады».

III.Жаңа тақырыпты түсіндіріу кезеңі

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі .

Жоспар:

1.Балалардың дамуындағы математиканың алатын орны.



2.Балаларды есептеуге үйрету жолдары.
IV.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.


Есеп шығаруға үйрету кезеңі




Балаларға есептің не екені айтылады, оның қалай құрастыры-латыны көрсетіледі

Есептерге екінші қосылғыш пен азайт-қыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін күрделі сан

V.Бекіту кезеңі:

1.Сөзжұмбақ құрастыру: «Математика» сөзіне тест сұрақтарынан.

VI.Үйге тапсырма:

1.Дәрісті оқу.

2.Тест сұрақтарын жаттау.

VII.Бағалау.

Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.

VIII.Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

IX.Жүректен жүрекке

Ризашылық әні автор:Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге,(2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)


Сабақ жоспары №3

Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

Күні:













Тобы:

МД - 215

МД -

МД -

МД -

Сабақ тақырыбы: Математикалық дайындығының мазмұны .

Сабақта жарыққа шығарылатын құндылық:Дұрыс әрекет.

Қалыптастырылатын қасиеттер:Жақсылық жасау, ұйымшылдық, уақытты тиімді пайдалану.

Сабақтың типі:Білік пен іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі, математикалық дайындығының мазмұны туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білім берушілік: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі, математикалық дайындығының мазмұны туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.

Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.

Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.

Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II.Дәйексөз: «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік ».

III.Жаңа тақырыпты түсіндіріу кезеңі

Математикалық дайындығының мазмұны .

IV.Топтастыру стратегиясы 3 топқа бөлу.

1 топ: Екінші кіші топқа арналған технологиялық карта толтыру.

2 топ: Естияр топқа арналған технологиялық карта толтыру.

3 топ: Мектепке даярлық топқа арналған технологиялық карта толтыру.

IV.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.

V.Бекіту кезеңі:

1.Әр топ постер бойынша өз жұмыстарын қорғап шығады

2.Сөзжұмбақ құрастыру: «Есеп» сөзіне тест сұрақтарынан.

VI.Үйге тапсырма:

1.Дәрісті оқу.

2.Тест сұрақтарын жаттау.

3.Технологиялық карта құрастыру.

VII.Бағалау.

Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.

VIII.Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

IX.Жүректен жүрекке



Ризашылық әні автор:Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге,(2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)

Сабақ жоспары №4

Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

Күні:













Тобы:

МД - 215

МД -

МД -

МД -

Сабақ тақырыбы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің жұмыс формалары .

Сабақта жарыққа шығарылатын құндылық:Ақиқат

Қалыптастырылатын қасиеттер:Болмысты тану, әділ болу, ізденімпаздық.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың түрі:Өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарды қалып-тастыру әдістемесінің жұмыс формалары туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білім берушілік: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамудағы математиканың ролі туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.

Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.

Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.

Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II.Дәйексөз: «Білімнің алды жарық,

Білімсіздің түбі ғарып».

III.Үй тапсырмасын сұрау.

Математикалық дайындығының мазмұны тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.

IV. Өткен тақырыпты бекіту кезеңі.

1.Екінші кіші топта қандай математикалық ұғымдарды игертеміз...

2.Орта топтағы балаларды нешеге дейін санап үйретеміз...

3.Мектепке даярлық топ балаларына қандай математикалық ұғымдарды игертеміз...

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің жұмыс формалары .

Жоспар:

1.Сабақтың түрлері, ойын әдістерінің орны.



2.Қарапайым математика дайындығының әдістері.
VI.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

әдістемесінің жұмыс формалары .






Ұйымдастырылған оқу қызметі

Дидактикалық ойын

V.Бекіту кезеңі:

1.Сөзжұмбақ құрастыру: «Ұйымдастырылған оқу қызметі » сөзіне тест сұрақтарынан.

VI.Үйге тапсырма:

1.Дәрісті оқу.

2.Тест сұрақтарын жаттау.

VII.Бағалау.

Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.

VIII.Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

IX.Жүректен жүрекке

Ризашылық әні автор:Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге,(2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің жұмыс формалары .

Жоспар:

1.Сабақтың түрлері, ойын әдістерінің орны.



2.Қарапайым математика дайындығының әдістері.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен қолданылатын әдістер:

1. Көрнекілік

2.Сөздік


3.Практикалық

Практикалық әдістің тәсілдері:

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой қабілеттерін дамыту үшін практика-лық әдісті қолданамыз. Практикалық әдіс - кезінде әр түрлі заттарды пайдаланамыз, үлестірмелі материалдарды, қимылдарды орындайтын әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдаланамыз. Практикалық әдістің бірінші тәсілі «жаттығу» ,я болмаса әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды беру. Тапсырмалар жеке және ұжымдылыққа бөлінеді.

Жеке тапсырма – тақтаға шығып орындалатын тапсырма.

Ұжымдық топ - топпен әр түрлі тапсырмалар орындайды.

Дидактикалық ойындар – сөздік, үстел үстінде ойналатын ойындар,лото,домино.

Көрнекілік әдіс-тәсілдер: Балаларға жаңа білімді түсіндіру кезінде

1)көрсету; 2)заттарды беттестіру; 3)бір заттың астына бір затты қою; 4)салыстыру және ажырату;

Сөздік әдістің тәсілдері:

1)түсіндіру; 2)нұсқау,анықтама беру;3)балаларға сұрақ қою; 4)балаларға ауызша есептер беру; 5)бақылау,бағалау,мадақтау; 6)талдау; 7)қорытынды жасау

Сенсорика

Мақсаты: баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

Міндеттері:

1.Баланың талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.



2.Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.

3.Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны: Заттық іс-әрекет 1 жас - 1 жас 6 ай

- 1 жас 3 айдан бастап балаларды құрал-жабдықтарды (ауа шарларымен, ұзын тұтқалы арбамен ойындар) қолдануға дайындау мақсатында заттық құралдармен таныстыру;

- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю - жинастыру, алу - салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке ауыстырып салу, кішкентай науалармен домалату;

- заттарды өлшемі (үлкен, кіші) немесе пішіні (шаршы, дөңгелек) бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға үйрету;

- түрлі-түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу (көлемі кіші затты көлемі үлкен заттың ішіне салу), іші қуыс бірдей заттарды (кубтар, конустар, т.б.) мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу;

- алмалы-салмалы ойыншықтарды жинастыру (қораптар, бөшкелер, т.б.);

- 2-3 сақинадан тұратын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыру;

- балаларды заттардың түстерімен таныстыру: қызыл, көк;

- спектрдің алты түсінің біріне қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттармен іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, сезімдік тәжірибені кеңейту;

1 жас 6 ай - 2 жас

- 1 жас 9 айдан бастап еңбек құралдарына ұқсас құралдармен және ойыншықтармен мақсатына, пішіндеріне және кеңістіктегі орнына қарай әрекет жасауға үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап үш орындық алмалы-салмалы дидактикалық ойыншықтарды (бауырсақ, бөшкелер т.б.) жинастыра білуін қалыптастыруды жалғастыру;

- заттарды өлшеміне қарай таңдауға және ажыратуға (үлкен, кіші) және өлшемаралық түсініктерді (үлкенірек, кішірек) түсінуге үйрету;

- ересектердің көмегімен конусты және тік негізде бірнеше сақинадан тұратын пирамиданы түсі мен өлшеміне байланысты жинастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап түрлі өлшемдегі cақиналардың 2-3 тобынан тұратын, ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі 4-5 cақинадан тұратын пирамида жинастыру;

- балаларды бір белгісі бойынша (өлшем, пішін), пішіндері әртүрлі (дөңгелек-шаршы, сопақша-үшбұрыш және т.б.), түсі бойынша (қызыл-көк, сары-қара, жасыл-сарғыш, ақ-күлгін) ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету;

- балаларды заттармен әрекетті дәл орындауға ынталандыра отырып, ұсақ қол қимылдарын дамыту (ұсақ алмалы-салмалы заттар, түрлі пішін мен өлшемдегі ойыншықтары бар «ғажайып қалта»); дидактикалық ойындар мен тұрмыста балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап алдымен екі, кейіннен үш бөліктен тұратын сәйкес алмалы-салмалы-бөлшектерді таңдау;

- қораптарға қақпақтарын таңдау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- 1 жас 9 айдан бастап ересек адамдардың айтуымен белгілі бір түсті затты алып әкелуге ынталандыру; тұрмыстық заттар, дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиетке - түс пен өлшем, пішін мен өлшем, пішін мен түске бағдарланған тапсырмаларды орындау;

- 2 жасқа қарай пішіні мен өлшемі бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру, топтастыру біліктерін қалыптастыру;

- заттар туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Түсі мен өлшеміне қарамастан таныс заттарды (доп үлкен, кіші, қызыл, көк т.б.) тануға және көрсетуге үйрету;

- негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуға үйрету, тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдау; шарлар мен сақиналар түстеріне қарай қорапқа салу, үстелге қою. Екі түстен артық түстерді атауға үйрету;

- 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызыл сары, сары - қызыл сары; көк - күлгін, сары - ақ үйлесіміндегі түрлі заттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- іс-әрекеттерді орындауға қажетті қарапайым құрал-жабдықтарды қолдануды;

- еңбек құралдарына ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен әрекет жасауды;

- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастыруды;

- 2-3 топты қарама-қарсы өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыру; үлкендердің көмегімен 4-5 және одан да артық түрлі өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыруды;

- бірнеше заттарды бір белгісі (өлшем, пішін) бойынша топтастыруды;

- заттармен іс-әрекеттерді шеберлікпен орындауды, 2 кейіннен 3 бөлшекі іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдауды;

- қораптардың қақпақтарын таңдауды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетуді;

- негізгі төрт түсті ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдауды;

- екіден кем емес түстерді атауды;

- 4 түсті реңктердің қызыл - қызыл сары - сары; сары - қызыл сары - сары, көк-күлгін, сары - ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіруді білуі тиіс.

Сабақ жоспары №5

Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

Күні:













Тобы:

МД - 215

МД -

МД -

МД -

Сабақ тақырыбы: Қарапайым математикалық сабақтарының ұйымдастырылу ерекшелігі, әдістемесі .

Сабақта жарыққа шығарылатын құндылық:Дұрыс әрекет.

Қалыптастырылатын қасиеттер:Жақсылық жасау, ұйымшылдық, уақытты тиімді пайдалану.

Сабақтың типі:Білік пен іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық сабақтарының ұйымдастырылу ерекшелігі, әдістемесі туралы түсіндіру, толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білім берушілік: Студенттерге қарапайым математикалық сабақтарының ұйымдастырылу ерекшелігі, әдістемесі туралы түсіндіру, білімдерін нығайту.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа талпындыру.

Сабақта қолданылатын жабдықтар мен көрнекі құралдар: сызбалар, суреттер.

Қолданылған әдебиеттер: А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

Әдістер: Сөздік,көрнекілік,практикалық.

Пәнаралық байланыс: Математика,педагогика, тіл дамыту, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II.Дәйексөз: «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік ».

III.Жаңа тақырыпты түсіндіріу кезеңі

Қарапайым математикалық сабақтарының ұйымдастырылу ерекшелігі, әдістемесі IV.Топтастыру стратегиясы 3 топқа бөлу.

1 топ: Екінші кіші топқа арналған технологиялық карта толтыру.

2 топ: Естияр топқа арналған технологиялық карта толтыру.

3 топ: Мектепке даярлық топқа арналған технологиялық карта толтыру.


IV.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.

V.Бекіту кезеңі:

1.Әр топ постер бойынша өз жұмыстарын қорғап шығады

2.Сөзжұмбақ құрастыру: «Технологиялық карта » сөзіне тест сұрақтарынан.

VI.Үйге тапсырма:

1.Дәрісті оқу.

2.Тест сұрақтарын жаттау.

3.Технологиялық карта құрастыру.

VII.Бағалау.

Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.

VIII.Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

IX.Жүректен жүрекке



Ризашылық әні автор:Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге,(2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!



Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет