Кеңес Жанат Беимбетқызы тб 1-11, курс Қабылдаған



бет1/3
Дата05.10.2023
өлшемі104,65 Kb.
#183800
  1   2   3
Байланысты:
сро тперп 5


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тағам технологиялары факультеті
Астық өнімдері және қайта өңдеу өндірістер технологиясы






БӨЖ

«Қайта өңдеу технологиясы» пәні


Тақырыбы:Құрама жемнің түрлері мен сапалық көрсеткіштері

Дайындаған: Кеңес Жанат Беимбетқызы


ТБ 21-11, 3 курс
Қабылдаған:Жиенбаева Сауле Тургановна
Техника ғылымдары докторы

Алматы 2023



Жоспар:
Кіріспе
1 Құрама жем ұғымы
Негізгі бөлім
2 Құрама жемнің түрлері
2.1 Құрама жемнің сапалық көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем — құрамында протеин, минерал заттар және витаминдеркөп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер — биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1—5%-ы) қосып беріледі.
Мал шаруашылығы еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті
шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең маңызды сапасы. Еліміздің ауыл шаруашылығынан алынатын барлық (12) бөлігі малдан өндіріледі. Ауыл шаруашылығы жерінің (45) бөлігінен астамы, акционерлік қоғам мен шағын фермерлердің өндірістік қорының (23) бөлігі мал шаруашылығының қажетіне пайдаланылады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкердің жартысынан астамы осы салада еңбек етеді. Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетіледі, яғни 114 тәулік (3 ай, 3 апта, 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120 килограмға жетіп қосылған әр 1 кг салмаққа не бәрі 4-6 азық өлшемі жұмсалғандықтан шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі.


Мал өсірушілердің еңбегі бұрынғыдан да гөрі назар аудартады, күрделі механизмдер, жабдықтар мен автоматтарда жұмыс істеу үшін үлкен білім мен техникаға машықтануды талап етеді, сөйтіп ол индустриялық еңбектің түріне айналады.Мал түлектерінің өнімділігі бір жағынан оның нәсілдік, тұқымдық қасиеттеріне негізделген болса, екінші жағынан сол қасиеттерін дамытып іске асыратындай қолайлы факторларының ішінде оның дамып, жоғары өнімдік қасиеттерін баянды етуіне ең күшті әсер ететін жағдай қоректену болып табылады. Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организімдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. Шаруашылық дамып, ондағы өндіріс технологиясы күрделенген сайын, малды дұрыс азықтандыруға қойылатын талап деңгейі де жоғарылай түседі. Ол талаптың орындалуын білімді мамандар ғана азық қоректілігін мал түлектерінің ас қорыту ерекшеліктеріне орай қолдана отырып шешеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет