Кеңес Жанат Беимбетқызы тб 1-11, курс Қабылдаған



бет2/3
Дата05.10.2023
өлшемі104,65 Kb.
#183800
1   2   3
Байланысты:
сро тперп 5
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрама жем түрлері мен шикізаттар сипаттамасы 
Қажетті дәрежеге дейін тазаланып, ұсталынған жем түрлерінің біркелкі күрделі қоспасын құрама жем деп атайды. Ғылыми негізделген рецепт бойынша жасалынған құрама жем бөліктері, азықтық қоспалардың аса тиімді сіңімділігін қамтамасыз етуі қажет. Жем тағамдылығының өлшем бірлігі немесе жемдік бірлдік ретінде – көлемдік массасы 450-480 г/л, ылғалдылығы 13%1 кг сапалы сұлының тағамдылығы қабылданған. Жемдік маңыздылығына қарай құрама жем келесі түрлерге бөлінеді: толық рационды құрама жем, құрама жем концентранты, нәруызды (белокты) – витаминді қосымшалар, жем қоспасы, премикс, байытқыш қоспа және карбамидті концентрат.Толық рационды құрама жем - негізінен құс, доңыз, жылқы, ірі қара және жас малға арналған. Мұндай мұндай құрама жем мал мен құс организмін керекті тағамдық заттармен толық қамтамасыз етіп, жемнің басқа түрлерін қосуды қажет етпейді. Ал жылқыға арналған толық рационды құрама жемге пішен шөп қосқан тиімді болады. Құрама жем концентраты - мал мен құстың ірі және құнарлы жем азықтарына қосуға арналған, оның құрамында протеин, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай. Нәруызды-витаминді қосымшалар - әдетте ұсатылған дән қоспаларын байыту үшін қолданады. Олардың құрамында нәруызға, витаминдерге, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай шикізаттар болады. Премикстердің құрамында белсеңді биологиялық заттар көп. Сондықтан құрама жем мен нәруызды-витаминді қосымшаларды керекті биологиялық заттармен байыту үшін қолданады. Жем қоспасы – үш немесе төрт компоненттерден немесе дән өңдеу өндірістерінің жанама өнімдерінен дайындалады. Оны ірі қара мен қойлардың азығы ретінде қолданады. Байытқыш қоспа дегеніміз – құрама жем кәсіпорындарының арнаулы жем рецептісі бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған нәруызды, минералды және микроқосымшалармен толықтырылған заттар. Карбамидті концентрат дегеніміз - ұсатылған дән, карбамид және бентониттен бекітілген рецепт бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған жем азығы. Малға сіңетін жем бірлігіндегі энергияны алмасу энергиясы деп атайды. Дайын өнімдегі мөлшері шектелетін клетчатка – сутекті зат, оны тек күйіс қайыратын мал сіңіре алады.
Физикалык күйіне байланысты құрама жем 3 топка бөлінеді: шашыранды, түйіршіктелген, брикеттелген.
Шашыранды құрама жем біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. Шашыранды құрамажем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, кауыздайды (кауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады. -
Брикеттелген құрама жем бұл биологиялық дұрыс пішіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім.
Мысалы, сегізбұрыш пішіндегі брикеттер, ұзындығы 160-170мм, ені 70-80мм, қалыңдығы (биіктігі) -30-60мм. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі. Кейбір брикеттелген кұрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Түйіршіктелген құрама жем -белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Әдетте: белгілі диаметр мен биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. Түйіршіктелген құрама жем көбінесе тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы.
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін акуызды витаминді қосымша (АВҚ) мен премикс жасалынады. Ақуызды -дәруменді қосымша (АДҚ) - қажетті дәрежеге дейін ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микрокосымшалардың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет