Құрама жемнің түрлері мен сапалық көрсеткіштері Құрама жем



бет1/2
Дата15.10.2022
өлшемі35,65 Kb.
#153183
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Құрама жемнің түрлері мен сапалық көрсеткіштері (копия)


Құрама жемнің түрлері мен сапалық көрсеткіштері
Құрама жем
Құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем — құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер — биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1—5%-ы) қосып беріледі.
Құрама жем түрлері мен шикізаттар сипаттамасы
Қажетті дәрежеге дейін тазаланып, ұсталынған жем түрлерінің біркелкі күрделі қоспасын құрама жем деп атайды. Ғылыми негізделген рецепт бойынша жасалынған құрама жем бөліктері, азықтық қоспалардың аса тиімді сіңімділігін қамтамасыз етуі қажет. Жем тағамдылығының өлшем бірлігі немесе жемдік бірлдік ретінде – көлемдік массасы 450-480 г/л, ылғалдылығы 13%1 кг сапалы сұлының тағамдылығы қабылданған. Жемдік маңыздылығына қарай құрама жем келесі түрлерге бөлінеді: толық рационды құрама жем, құрама жем концентранты, нәруызды (белокты) – витаминді қосымшалар, жем қоспасы, премикс, байытқыш қоспа және карбамидті концентрат.Толық рационды құрама жем - негізінен құс, доңыз, жылқы, ірі қара және жас малға арналған. Мұндай мұндай құрама жем мал мен құс организмін керекті тағамдық заттармен толық қамтамасыз етіп, жемнің басқа түрлерін қосуды қажет етпейді. Ал жылқыға арналған толық рационды құрама жемге пішен шөп қосқан тиімді болады. Құрама жем концентраты - мал мен құстың ірі және құнарлы жем азықтарына қосуға арналған, оның құрамында протеин, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай. Нәруызды-витаминді қосымшалар - әдетте ұсатылған дән қоспаларын байыту үшін қолданады. Олардың құрамында нәруызға, витаминдерге, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай шикізаттар болады. Премикстердің құрамында белсеңді биологиялық заттар көп. Сондықтан құрама жем мен нәруызды-витаминді қосымшаларды керекті биологиялық заттармен байыту үшін қолданады. Жем қоспасы – үш немесе төрт компоненттерден немесе дән өңдеу өндірістерінің жанама өнімдерінен дайындалады. Оны ірі қара мен қойлардың азығы ретінде қолданады. Байытқыш қоспа дегеніміз – құрама жем кәсіпорындарының арнаулы жем рецептісі бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған нәруызды, минералды және микроқосымшалармен толықтырылған заттар. Карбамидті концентрат дегеніміз - ұсатылған дән, карбамид және бентониттен бекітілген рецепт бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған жем азығы. Малға сіңетін жем бірлігіндегі энергияны алмасу энергиясы деп атайды. Дайын өнімдегі мөлшері шектелетін клетчатка – сутекті зат, оны тек күйіс қайыратын мал сіңіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет