Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина



бет5/14
Дата05.02.2022
өлшемі4,58 Mb.
#17216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Математика әлемі
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің картасы
Білім беру саласы:Таным,қатынас
Бөлімдері: Қарапайым математика,тіл дамыту.
Тақырыбы:«Математика әлемі»
Мақсаты: Балалардың сан,санау ұғымын кеңейту,ойлау қабілетін дамыту.Геометриялық пішіндері туралы білімдерін,тілін дамыту.Білімге деген құштарлығын арттыру.Салыстыру,санау,топтау дағдыларын,ойын дамыту,санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту.Логикалық есептерді шешкізу.
Көрнекіліктер: 1-10 дейін цифрлар,геометриялық пішіндер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қызығушылық

Ұйымдастыру кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң,Алтын күн,
Қайырлы таң,Көк аспан.
Қайырлы таң,Жер Ана,
Қайырлы таң,достарым!

Балалар қимылмен орындайды.

Ұйымдастыру-


Іздестіру

Рефлексивті-


түзетушілік

-Балалар,бүгін ауа-райы қандай?
-Олай болса,осындай ашық,жылы,тамаша ауа-райында саяхатқа барғыларың келе ме?
-Онда,біз бүгін қызықты математика еліне саяхатқа шығамыз.
-Балалар,қызықты математика еліне саяхат жасауға қандай көлікке отырамыз?
Автобустың жүргізушісі бір себептермен келе алмай қалыпты.Сондықтан,өз ортамыздан,сайлап алған жөн!Ол үшін,санамақ айтуымыз керек.
Мансұр,санамақ санай қойшы!
-Балалар,біздің көлігіміз неге тоқтап қалды?Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр.Бағдаршамның көлемі қандай?Мен сендерге бағдаршам туралы өлең оқып берейін.
«Бағдаршам»
Менің атым «бағдаршам»-
Мекен-жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді
Мүдірмеймін ешқашан
Келесі аялдама, «Қызықты математика елі».
-Балалар,мұнда әдемі,зәулім үй тұр.Бұл үйде біреу бар сияқты.Қане,бәріміз бірге көзімізді екі алақанмен жауып, онға дейін санайық.
(Зәулім үйден Математика ханшайымы шығады)
Математика ханшайымы:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Математика еліне қош келдіңіздер!
-Мен,математика ханшайымымын!
-Мен сендердің алғыр,тапқыр,шапшаңдық
тарынды тексеремін.Өйткені,менің сиқырлы таяқшам бар.Ол үшін менің бірнеше тапсырма,ойындарым бар.Соларды орындайсыңдар ма?
«Доп лақтыру» ойыны.
-Неше жыл мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір жыл мезгілінде неше ай бар?
-Бір айда неше апта бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
1-тапсырма.
«Өз орныңды тап»
Шарты:алғашқы ондықтағы сандар қатарын оның атауын,белгісін,орнын қайталап,есте сақтау.
2-тапсырма.
«Көрпешені жама»
Шарты:логикалық ойлау қабілетін дамыту.Геометриялық пішіндер мен көрпешені жамау.
3-тапсырма.
«Қанша артық,кем?»
Мақсаты:5 көлемінде көжек пен сәбізді салыстыру дағдыларын жетілдіру.
4-тапсырма.
«Жаттығуға тұрайық»
Шарты:кеңістікте өзара орналасу орнын анықтау.Ойын-тілін дамыту.
5-тапсырма.
«Сипаттамасы бойынша тап»
Шарты:баланың тілін,ойын,танымдық қабілетін дамыту.Ұзын-қысқа,биік-аласа,жалпақ-жіңішке,кең-тар ұғымдарын салыстыру.
6-тапсырма.
Монтессори ойын-жаттығуы.«Шыршаны безендір»
Шарты: шыршаны бүршіктермен безендіре отырып,ұсақ қол моторикасын дамыту.
Математика ханшайымы:
-Балалар,сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар!Сендер нағыз алғыр,өнерлі балалар екенсіңдер!Мен сендерге мына медальдарды ұсынғым келіп отыр.Және осындай сыйлығым бар!Топқа барып жейсіңдер!Балалар,келесі кездескенше!Сау болыңдар!
Тәрбиеші:
-Балалар,енді біздің топқа оралатын уақытымыз келді.Автобусқа отырып,әндетіп,тобымызға кетейік.

Жылы,ашық,тамаша!
-Иә,барайық!
-Автобусқа отырайық!

Алма кетті домалап,


Көше бойын жағалып.
Кім алманы табады,
Сол жүргізуші болады!
Өйткені бағдаршамның қызыл түсі жанды!

-Сәлеметсіз бе!


-Төрт жыл мезгілі бар!

-Қазір көктем мезгілі!


-Үш ай бар.
-Төрт апта бар.
-Бір аптада жеті күн бар.
-Бүгін аптаның сейсенбі күні.

Жүректен-жүрекке:


Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Ән.
«Біз көңілді баламыз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет