Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер.
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!
Сәлем бердік туған елім,
Тал бесігім,туған жерім.
Сәлем бердік бәріңізге
Өскен ортам елімізге
|
Барлық іс-әрекеттерімен шаттық шеңберін орындау.
|
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
|
Балалар шаттық шеңбер орындаған соң,есік қағылып,топқа ренжіген қоян кіреді.
-Балалар,қараңдаршы,бізге қонаққа не келді?
-Сәлеметсің бе,қоян!Неге көңіл-күйің жоқ?
Қоян:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен орманнан келдім,менің достарым да жоқ,ойнайтын ойыншықтарым да жоқ.Сондықтан,мен ренжулімін!
Тәрбиеші:
-Қоян сен ренжіме,біз балалармен бірге,ойыншықтар әлеміне саяхат жасаймыз!Бізбен бірге жүр,саған ойыншықтар таңдап,сыйлаймыз!
-Бізде мынандай сиқырлы арба бар,осы арбаға бәріміз жайғасып,көзімізді жұмып отырайық.
-Балалар,қараңдаршы,қандай тамаша ойыншықтар әлеміне келдік!Ойыншықтар әлемінің жұмыс тәртібі ілініп тұр.Қане,балалар,есімізге алайықшы,бір аптада неше күн бар?
-Мансұр,атап өтші.
-Амир,бүгін аптаның қай күні?
-Бірінші сөреде қандай ойыншықтар тұр?
-Осы ойыншықтарды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Мына машина не тасиды?
-Мына машина қандай?
-Ал мынау не?
-Поезд қандай жолмен жүреді?
-Осы ойыншықтар неден жасалған?
|
-Қоян
-Аптада жеті күн бар.
-Дүйсенбі-жексенбі.
-Бүгін-бейсенбі.
-Машина,ұшақ,поезд....
-Көліктер деп атаймыз!
-Жүк тасиды.
-Жеңіл машина
-Бұл-поезд!
-Поезд-темір жолмен жүреді.
-Пластмасадан жасалған.
|
|
Екінші сөреде жануарлар.
Үшіншіде-құстар.
Төртіншіде-ыдыстар.
Бесіншіде-жеміс-көкөністер.
Алтыншыда-доптар.
Жетіншіде-қуыршақтар.
Сегізіншіде-жұмсақ ойыншықтар.
-Кел,қоян,бәріміз бір-бір жұмсақ ойыншық алып, «Биле,биле,қояным» деген би билейік!
-Қоян,көңіл-күйің көтерілді ме?
Осы «Ойыншықтар әлемінен» өзіңе ұнаған ойыншықты таңдап ал.
|
Барлық сұрақтарға толық жауап беру.
|
Рефлексивтік-
түзетушілік
|
-Ал,енді,бәріміз шеңберге тұрайық!
Ал балалар,тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көрісенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Сиқырлы арбаға отырып,топқа оралу!
Қоштасу.
|
Шеңберге тұру,дауыстап айту,қоштасу!
|
Достарыңызбен бөлісу: |