Жұмсақ ойыншықтар



Дата17.04.2020
өлшемі22,79 Kb.
#62828
Байланысты:
Жұмсақ ойыншықтар дайындау
Таныстыру, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады
XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.
Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Жұмсақ ойыншықтар - іші сабанмен, мақтамен және т.б. заттармен толтырылған ойыншық жануарлар немесе қуыршақтар. Бұрынғы кезде жұмсақ ойыншықтар ауланған аңдардың терісінен жасалған.

Технология жақсы дамыған қазіргі заманда жұмсақ ойыншықтар көбіне синтетикалық материалдардан (синтефон, паралон, т.б.), мақтадан немесе соған ұқсас материалдардан жасалады. Сондықтан да бұл ойыншықтар "жұмсақ" деген атқа ие болған.



Алғаш рет Германиядағы "Штайф" компаниясы шығарған жұмсақ қонжық- XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы ең танымал жұмсақ ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада бұл ойыншық "тедди" деген атпен белгілі. "Тедди" аюы бүлдіршіндер арасында өте танымал. Ол балалардың көңіл күйін жақсы көтереді. Сол сияқты, Шүберек Энни есімді иірілген жіптен жасалған жирен шашты, қызыл ала байпақ киген, иілгіш қуыршақ- қыз балалардың сүйікті ойыншығы.

  • Жұмсақ ойыншықтардың ең танымал түрі- "Тедди" аюы мен шұлықтан жасалған маймыл.

  • "Тедди" аюларының мұражайы алғаш рет 1984 жылы Англияның Питерсфилд елді мекенінің Хэмпшайэ қаласында пайда болған.

  • Америкалық жазушы әрі суретші Джонни Груэлл 1915 жылы науқас қызының көңіліе көтеру үшін Шүберек Энни есімді қуыршақты ойлап тапқан.


Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшыны ұзарта құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіне қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Иненің ұшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккен де инені айзына салма.
7. Сынған инені тастама, ешкімді зақымдамай тын жерге таста.
Сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтар мен материалдар: сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, ине жіп, түкті мата, синтипоне, жұмсақ ойыншықтар суреті.

Жұмсақ ойыншықтарды тігер алдында сіздер берілген сызбаларды қатты қағазға түсіріп алуларың қажет.
Қолтырауынды тігу үшін сізге жасыл түстес мата қажет. Тұмсығының ортасына қойылатын мата қызыл немесе басқа түстес мата, қөзі қызыл, домалағы қара болу қажет. Ішін мақтаға толтыруыңызға болад.
Аққудың тұлғасына ақ түсті мата, тұмсығы мен ескішіне қызыл мата (ескішіне қатты қағаз желімдеуіңіз қажет) көзі қара болады. Беріктік үшін мойнына сым қойылу қажет. Ішін мақтамен толтырасыз.

Пингвиннің тұлғасына ақ мата, қанаты мен құйрығы, көзі басының арты мен жоғарғы жағы қара мата, тұмсығы мен ескіші (қатты қағазбен желімделеді) қызыл түсті болады. Беріктік үшін басы мен тұлғасының ортасына сым қойылады.

Сабақты бекіту сұрақтары
1. Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай материал қажет?
2. Негізгі әшекейлік бөліктерін қалай дайындаймыз?
3. Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?
4. Жасалған жұмсақ ойыншықты не мақсатқа пайдаланамыз?
5. Техникалық қауіпсіздік ережесі сақталды ма?
6. Пішу барысында матаның қай бетін қолдандыңд
Үйге тапсырма


  1. Лекцияға қосымша материалдар толықтыру

  2. Жұмсақ ойыншықтар дегеніміз не?

  3. Жұмсақ ойыншықтардың тігілу технологиясы қандай?

  4. Қалдық маталардан жұмсақ ойыншық тігу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет