Балалардың туа біткен жүрек ақаулары


Жүрекше аралық перденің мүкістігі



бет3/7
Дата29.12.2022
өлшемі44,72 Kb.
#164844
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тттт
Осөж14, zagadka-dlya-uma.novyj, zagadka-dlya-uma.novyj, Иско 401 Шайхысламов Мағжан 14 апта (копия)


9.1.2. Жүрекше аралық перденің мүкістігі


ЭКГ-де жүректің электрлік өсі оңға ығысады, оң қарынша шамадан тыс күш түсуі, оң жүрекшенің гипертрофиясы, миокард метаболикалық бұзылыстары және Гисс будасының оң тармағының толық емес блокадасының белгілері байқалады.
Рентгенограммада өкпе суреті және жүрек мөлшері екінші реттегі мүкісте қан айналуының көлемімен анықталады. Көбіне кішірек мүкістерде орташа күшейген, ал сол жақтан оңға қарай қан айдалу көп мөлшерде болатын жағдайларда жүрек түрі шар тәрізденіп, кардиомегалия байқалуы мүмкін. Аорта жіңішке, сол жүрекше мен қарынша кеңімеген, ал өкпе артерияларында, жүректің сол жақ бөліктерінің қалыпты түрінен үлкейгені байқалады. Кейбір оң қарыншаның үлкейгені соншалық, тіпті жүректің ұшын құрауға дейін барады.
Эхокардиография. Екіншілік жүрекше аралық переднің мүкістігінің (ЖАПМ) тікелей белгісі болып эхобелгілердің үзілуі және жүрекшеаралық перденің атриовентрикулярлық қақпақтық бөлігінің дистальды жағында бос қырының болуы есептеледі. Қосымша белгілер болып жүрекше деңгейінде қанның артериовенозды құйылуы, жүректің оң бөлігінің ұлғаюы және оған шектен салмақ түсуінің белгілері, өкпе артериясы арқылы өтетін қан ағымының жылдамдық көрсеткіштерінің артуы есептеледі.
Емі. Екіншілік ЖАПМ-де аурудың «белгісіз» сатыларында, ақаудың негізгі белгісі аускультациямен және эхокардиграфиямен ғана анықталатын жағдайда оталық ем жүргізілмейді. Клиникалық белгілері айқын білінетін, консервативті ем туа болған ақауды компенсациялық сатыда ұстап тұра алатын жағдайларда, ақауды оталық қалыптастыруды 5-10 жаста жүргізген жөн. Терминальды сатыдағы, айқын өкпе гипертензиясы және веналық-артериялық қан құйылу байқалатын науқастарға оталық ем жасалмайды.
9.1.3. Ашық артериялық (Боталло) өзек
Ерте жастағы балаларда рентгенограммада жүректің сол бөліктерінің үлкейгені және өкпенің қанға толықсып кеткені байқалады. Ақаудың екіншісі сатысында жүрек мөлшері қалыпты немесе сәл солға үлкейген болады. Өкпе артериясының доғасы орташа шығыңқылығы жүрек мықынының негізгі өзектің және өкпе артериясының сол бұтағының кеңеюі нәтижесінде, тегістелуіне әсерін тигізеді. Аорта доғасының өрмелі бөлігінің аздап кеңейгені байқалады. Өкпе гипертензиясы дамығанда жүректің оң бөлігінің үлкеюі өкпе артериясының доғасының әжептәуір шығыңқылығы байқалады.
ЭКГ-де жүректің электрлік өсі қалыпты орналасқан немесе солға ауытқыған болады. Т-тісшесінің амплитудасының үлкеюі және тіркемелерде тісшесінің пайда болуы сияқты жүрек бұлшық ет гипертрофиясының ерте белгілері байқалады. Т-тісшесі сол кеуде тіркеме Т-тісшесі биік, шың тәрізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет