Көбіне, пиелонефрит, жедел респираторлы инфекция кезінде дамиды, себебі, вирусты инфекциялар қан тамырларына, соның ішінде бүйрекке де, капиллярлы токсикалық әсер етеді де, тамырларда іркіліс, веналарда, тромб пайда болады және тамырлардың өткізгіштігі бұзылып, бүйректің аралық тіндерінде инфекциялар тұрып қалып, бірте-бірте көбейіп, дами бастайды. - Көбіне, пиелонефрит, жедел респираторлы инфекция кезінде дамиды, себебі, вирусты инфекциялар қан тамырларына, соның ішінде бүйрекке де, капиллярлы токсикалық әсер етеді де, тамырларда іркіліс, веналарда, тромб пайда болады және тамырлардың өткізгіштігі бұзылып, бүйректің аралық тіндерінде инфекциялар тұрып қалып, бірте-бірте көбейіп, дами бастайды.
Патогенезі - Бүйрекке инфекция бірнеше жолдармен, яғни гематогенді, лимфогенді және өрлеу жолдары арқылы таралуы мүмкін. Көбіне, әсіресе қыз балаларда, бүйрек уриногенді, яғни, өрлеу жолы арқылы зақымдалады.
Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады. - Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады.
- І. Бактериурия
- 2. Жергілікті және жалпы иммунитеттің бұзылуы.
- 3. Бүйректегі гемодинамиканың бұзылуы.
- 4. Уростаз, яғни уродинамиканың бұзылуы.
- 5. Рефлюкс, ол ацидоздың, эксикоздың, анемияның дамуына әсерін тигізеді, ал олар бүйректің зақымдануының экстраренальды белгілері болып есептелінеді. [1,2,3]
Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын негізгі жол деп есептейді, бұл жағдайда, инфекция әр түрлі ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту жолдарының аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы артерияларға, одан әрі милы қабатындағы капиллярлар торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен оны қоректендіріп отыратын артериялары арасындағы байланысты атап өту керек. - Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын негізгі жол деп есептейді, бұл жағдайда, инфекция әр түрлі ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту жолдарының аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы артерияларға, одан әрі милы қабатындағы капиллярлар торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен оны қоректендіріп отыратын артериялары арасындағы байланысты атап өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |