«Балаларға Ислам туралы» сериясы Оқытудың үшінші жылына арналған оқу құралы



бет63/94
Дата27.02.2020
өлшемі9,37 Mb.
#58673
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94

Мен – иман келтіргенмін әрі мен тек Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етемін!



III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________



Оқушыларға Жалғыз Аллаһ қана Раббы екендігін мойындау Аллаһтың құлы Исламға кіру үшін жеткіліксіз екендігін түсіндіріңіз. Жоқ, сонымен бірге құлдың құлшылық-ғибададаттарының барлық түрі де тек Аллаһқа ғана арналуы қажет. Өйткені Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген көпқұдайшыл-мүшриктер де Аллаһтың Раббы екендігін мойындайтын, алайда олар қажылық, умра, қажыларға су беру, Қағбаны тауап жасау сияқты түрлі ғибадат түрлерін орындаса да, бұл оларды мұсылман етпеді. Мұның барлығы оларға көмектеспеді, өйткені олар Аллаһқа серік қосатын, сол үшін де олардың игі амалдарының барлығы зая болды.  
 Оқушылардың назарын бір Аллаһқа ғана құлшылық етпейтін адам, үлкен көпқұдайшылыққа түсетінін, ал оның салдары Аллаһ Тағаланың басқа күнәларға бермейтіндей жаза болатынына аударыңыз. Аллаһ Тағала былай деді:«Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған Жәннатты арам етеді. Оның орны - Тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» («әл-Мәида» сүресі, 72-аят). 
 Мүмін өмірінің ұлықтығы мен құрметін өмірі малдың тіршілік етуіндей болған кәпірдің өмірі мен салыстырыңыз, бұл туралы Аллаһ Тағала: «Шәксіз, Аллаһ иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын Жәннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар хайуандар тәрізді (дүние) игіліктерін пайдаланып, жей береді. Олардың орны - Тозақ оты» («Мухаммад» сүресі, 12-аят). 
 Аллаһтың Есімдері мен Сипаттарына иман келтіру – иманның көбеюі себептерінің бірі. Аллаһ – барлық нәрсені Білуші (әл-‘Алим), Бақылаушы (әр-Рақиб) екендігіне иман келтірген адамның жүрегі Аллаһ бізге, біз қозғалсақ та, тыныштық күйінде болсақ та, әркез бақылау жасап тұрғандығын сезінетін адамның сезіміне толады;
 Оқушыларға Аллаһтың Есімдері мен Сипаттарының біреуін болса да теріске шығару күпірлік болып табылатынын түсіндіру, бұл туралы Аллаһ Тағала: «Әрі олар Аса Мейірімдіге иман келтірмеді» («әр-Ра’д» сүресі, 30-аят), - деп айтқанындай.


Бұл сабақтың мақсаты:


1 – Оқушыларға «Аллаһқа иман» сөздерінің мағынасын түсіндіру;
2 – О
қушыларды құлшылық-ғибадаттың қандай да болсын түрлерін Аллаһтан өзгеге арнаудан сақтандыру;
3 – О
қушыларға Аллаһтың кейбір Есімдері мен Сипаттарының мысалын келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет