«Балаларға Ислам туралы» сериясы Оқытудың үшінші жылына арналған оқу құралы


Мен мұсылманмын. Мен Аллаһ мені көріп және естіп тұрғанын білемін, сондықтан да мен Оның ашу-ызасын келтіретін нәрселерді тыңдамаймын әрі оларға қарамаймын!



бет94/94
Дата27.02.2020
өлшемі9,37 Mb.
#58673
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94

Мен мұсылманмын. Мен Аллаһ мені көріп және естіп тұрғанын білемін, сондықтан да мен Оның ашу-ызасын келтіретін нәрселерді тыңдамаймын әрі оларға қарамаймын!




III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________


 Оқушыларға ихсан – бұл ғибадаттың іштей де, сырттай да жетік екенін әрі ихсан – ықыластың ең жоғары дәрежесі екенін түсіндіріңіз;

 Оқушыларға ихсанға нұсқайтын кейбір оқиғаларды айтып беріңіз. Мысалы, Омар Ибн Хатаб туралы оқиғаны. Бірде ол бір қойшыны сынау үшін, оған: «Бір қойыңды маған сатсайшы», - деді. Қойшы: «Мен құлмын», - деп жауап береді.

Омар: «Ал сен қожайыныңа: «Оны қасқыр жеп кетті», - деп айта сал!», - дейді. Сонда қойшы: «Бірақ Аллаһты алдай алмаймыз ғой», - дейді. Сол кезде Омар жылап жібереді де, бұл құлды сатып алып, оны азат етеді де: «Сені бұл дүниедегі құлдықтан осы сөз азат етті, әрі ол сені Ақыретте де азат ететін шығар деп үміттенемін!» Бұл оқиға туралы толығырақ имам әз-Зәһабидің «Сияр а’ләм ән-нубалә» («Тамаша адамдардың өмірбаяндары») атты кітабында оқуға болады. Басқа бір мысал ретінде бір үңгірде түнеп қалған адамдар туралы оқиғаны да келтіруге болады. Үңгірдің ауызына тас құлап, оны бөгеп тастайды. Сонда әлгі адамдар істеген игі амалдарын айтып, Аллаһтан құтқару тілеп жалбарынады. Бұл оқиға туралы толығырақ әл-Бухари (№ 2272) мен Муслимнің (№ 2743) «Сахих» жинақтарында қараңыз.



 Адам ихсан дәрежесіне тек мұсылман және мүмін болған жағдайда ғана жете алады.

 Оқушылардың жүректерінде ғибадат рәсімдерін ықыластың негізінде орындауға деген ұмтылысты дамытыңыз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «ихсан» сөзінің мағынасын түсіндіру;
2 – О
қушыларға ихсанға шариғи дәлел келтіру;
3 – О
қушылар ғибадат рәсімдерін ықыласты түрде орындауларына ықпал етіңіз

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!


1 Оқушыларға осы аталған ескертпелер, олар басқа адамдарды күпірлікте айыптаулары үшін емес, өздері көпқұдайшылықтан сақтанулары үшін айтылғандығын, сондай-ақ аталған күнәларды істеп жүрген, өз негізінде мұсылман адамдарды «кәпір» деп айыптауға қатаң тыйым салынғандығын, өйткені мұндай айыптау өте ауыр іс, сондықтан да оны қарапайым мұсылмандар емес, шариғи тұрғыдан өкілетті адамдар ғана және оларға анық дәлелдер жеткізілгеннен кейін, күпірлікте айыптау үшін барлық шариғи шарттар орындалып және барлық кедергілер жоқ болған жағдай да ғана іске асыра алатынын түсіндіру. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер қандай да бір адам мұсылманға: «Әй, кәпір!», - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады!» (әл-Бухари 6104, Муслим 60); «Кім өзінің бауырына: “Кәпір”, - немесе: “Аллаһтың дұшпаны”, – десе, ал ол ондай болмаса, онда айтылған нәрсе осыны айтқанға қайта оралады!» (Муслим 1/79).

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: “Купірлікте айыптау – бұл тек Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құзырындағы нәрсе, әрі Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атаған адамнан өзге ешкім кәпір болып табылмайды!” “әл-Иршад” 1/198. Аллаһ Тағала Өзінің Ұлы Кітабында былай дейді: «Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: «Сен - кәпірсің», - демеңдер» (ән-Ниса 4: 94).



Ибн ‘Аббас бұл аятқа қатысты былай деген: “Аллаһ Тағаланың мүміндерге өлексені тыйым салғаны сияқты, оларға «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деп куәлік бергенге: «Сен – кәпірсің!», - деп айтуға да тыйым салды!” “Тафсир Ибн Аби Хатим” 5829 (аудармашыдан (қаз.)).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет