Мен мұсылманмын. Мен Аллаһ мені көріп және естіп тұрғанын білемін, сондықтан да мен Оның ашу-ызасын келтіретін нәрселерді тыңдамаймын әрі оларға қарамаймын!
III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға ихсан – бұл ғибадаттың іштей де, сырттай да жетік екенін әрі ихсан – ықыластың ең жоғары дәрежесі екенін түсіндіріңіз;
Оқушыларға ихсанға нұсқайтын кейбір оқиғаларды айтып беріңіз. Мысалы, Омар Ибн Хатаб туралы оқиғаны. Бірде ол бір қойшыны сынау үшін, оған: «Бір қойыңды маған сатсайшы», - деді. Қойшы: «Мен құлмын», - деп жауап береді.
Омар: «Ал сен қожайыныңа: «Оны қасқыр жеп кетті», - деп айта сал!», - дейді. Сонда қойшы: «Бірақ Аллаһты алдай алмаймыз ғой», - дейді. Сол кезде Омар жылап жібереді де, бұл құлды сатып алып, оны азат етеді де: «Сені бұл дүниедегі құлдықтан осы сөз азат етті, әрі ол сені Ақыретте де азат ететін шығар деп үміттенемін!» Бұл оқиға туралы толығырақ имам әз-Зәһабидің «Сияр а’ләм ән-нубалә» («Тамаша адамдардың өмірбаяндары») атты кітабында оқуға болады. Басқа бір мысал ретінде бір үңгірде түнеп қалған адамдар туралы оқиғаны да келтіруге болады. Үңгірдің ауызына тас құлап, оны бөгеп тастайды. Сонда әлгі адамдар істеген игі амалдарын айтып, Аллаһтан құтқару тілеп жалбарынады. Бұл оқиға туралы толығырақ әл-Бухари (№ 2272) мен Муслимнің (№ 2743) «Сахих» жинақтарында қараңыз.
Адам ихсан дәрежесіне тек мұсылман және мүмін болған жағдайда ғана жете алады.
Оқушылардың жүректерінде ғибадат рәсімдерін ықыластың негізінде орындауға деген ұмтылысты дамытыңыз.
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «ихсан» сөзінің мағынасын түсіндіру;
2 – Оқушыларға ихсанға шариғи дәлел келтіру;
3 – Оқушылар ғибадат рәсімдерін ықыласты түрде орындауларына ықпал етіңіз.
Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!