III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға Аллаһтың жазмышында және тағдырында Оның қалауына өзіңді тапсыру міндетті екенін, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ тағдырларды көктер мен Жерді жаратудан елу мың жыл бұрын белгілеп қойған», - деп айтқанын (бұл хадисті әт-Тирмизи, № 2156, жеткізген) түсірдіріп беріңіз;
Оқушыларға адам бақытсыздыққа немесе қайғыға жолыққанда, мысалы, жақын біреуі қайтыс болғанда, мал-мүлкінен айырылғанда, белгілі бір дене мүшесі сырқаттағанда, сабыр танытуы қажет екендігін түсіндіріңіз;
Оқушыларға сабырлық Аллаһтан сый алуға себеп болатынын түсіндіріңіз. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «(Денесіне) тікен қадалған немесе басына бұдан жаман нәрсе түскен кез келген мұсылманға Аллаһ міндетті түрде осы үшін оның жаман істерін кешіреді, әрі ағаш өз жапырақтарынан арылғанындай, ол да өз күнәларынан арылады» (бұл хадисті әл-Бухари № 5648 және Муслим № 2571 келтіреді);
Оқушыларды Аллаһқа шүкіршілік етуге ынталандырыңыз және бұл Оның нығметтерінің көбеюіне себеп болатынын түсіндіріңіз. Бұл туралы Аллаһ Тағала: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін», - деп айтқан («Ибраһим» сүресі, 7-аят).
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «тағдырға иман» сөздерінің мағынасын түсіндіріп беру;
2 – Оқушыларға тағдырды теріске шығаратын адам туралы шариғат үкімін түсіндіру;
3 – Оқушыларға Аллаһ барлық нәрсені өлшеуімен (тағдырымен) жаратқанына дәлел келтіру.
ОН БЕСІНШІ САБАҚ
ДІННІҢ САТЫЛАРЫ
Үшінші саты
ИХСАН
Достарыңызбен бөлісу: |