1
Бірінші бӛлім
Кӛркем мінез туралы
«Ешқандай ата-ана баласына кӛркем мінезден асқан мұра қалдырмайды». (Тирмизи, Бирр,
33)
Неліктен кӛркем мінез?
Кӛркем мінезді болуға дініміз Исламнан артық мән беретін ешқандай дін мен жүйе
жоқ. Осы тұрғыда пайғамбарымыз «Ислам - кӛркем мінез» деп атап кӛрсеткен. Кӛркем
мінезді болу − мұсылмандықтың ең жақсы бір кӛрінісі. Аллаһ расулының кӛркем
мінезді
насихаттайтын кӛптеген сӛздері бар.
Мысалы, «Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі − мінезі ең жақсысы» деген сӛзі
арқылы кӛркем мінездің сенім мәселесіндегі маңызын білдірген пайғамбарымыз осы хадисі
арқылы ӛзіне жақын болудың жолы кӛркем мінез арқылы ӛтетінін білдіреді:
«Араларыңдағы ең жақсы кӛретіндерім және қиямет күні маған ең жақын болатындарың −
мінезі ең жақсыларың».
Ұлы кітабымыз Құранда әділдік, берген сӛзде тұру, кешірімді болу, кішіпейілділік,
ата-анаға бағынушылық,
сенімділік, сүйіспеншілік, туралық, жомарттық, мейірімділік,
жылы сӛзді болу, жылышырайлылық, таза жүректі болу секілді жақсы мінезге шақыратын
кӛптеген аяттар кездеседі. Сонымен қатар,
зұлымдық, риякерлік, кӛре алмаушылық,
ғайбаттау, балағат айту,
қатаң қабақтылық, сараңдық, менменшілдік, қызғаншақтық,
тәкаппарлық, кекшілдік,
теріс ниеттілік, ысыпаршылдық, бүлікшілдік сияқты жаман
әрекеттерден тиятын кӛптеген аяттар да бар, бұлар дініміздің кӛркем мінезге қаншалықты
мән беретінін кӛрсетеді.
Біз неліктен кӛркем мінезге ие болуымыз керек? Мұны былай бӛліп қарастыруға
болады:
1.
Дініміз құлшылықтармен қатар әсіресе адамдар арасындағы байланыстарға үлкен мән береді
және кӛркем мінезді болмағандар дінді толық орындаулары мүмкін емес.
2.
Кӛркем мінездің кӛрінісін пайғамбарымыздың ӛзі кӛрсеткен. Жұмақтың мүшесі
бола білу
үшін Соның мінезіндей мінезге ие болу керек. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде
пайғамбарымыздың барша мүміндер үшін ең әдемі үлгі екенін айтады. Бір аятта
«Ақиқатында сен кӛркем мінез үшін жіберілдің» делінген. Тек пайғамбарымыздың мінезін
үлгі алу арқылы ғана сол секілді ӛмір сүруге болады.
3.
Мүмін адам кӛркем мінезі арқылы құлшылыққа терең берілген адамдардың дәрежесіне
кӛтеріле алады. Мұны пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бір хадисінде былай
түсіндіреді: «Адам кӛркем мінезі арқылы түнде тұрып
құлшылық жасаған және аптап
2
ыстықта шӛлдеп ораза тұтқан адамның дәрежесіне жетеді». Мұны қате түсінбеу керек.
Құлшылық адамның Аллаһқа деген ғибадатын кӛрсетуі тұрғысынан ӛте маңызды. Сонымен
қатар, адамдардың арасында ӛмір сүретін мүмін адамдық байланыстарда қажетті
іс−әрекеттерге мойынсұнуы керек. Мұны жасаған кезде, яғни басқаша айтқанда кӛркем
мінезге ие болған кезінде ғибадаттары ең кемел және толық орындалған болады.
4.
Кӛркем мінез мүміннің жұмаққа кіруіне себепші болады. Аллаһ расулынан адамдарды ең кӛп
жұмаққа кіргізетін амал (әрекет) туралы сұрағанда Ол «Аллаһқа құлшылық (тақуалық) және
кӛркем мінез»
1
деген, бұл ғибадатпен бірге кӛркем мінездің қаншалықты маңызды екенін
және адамдарды жұмаққа апаратын сипатқа ие екенін кӛрсетеді.
5.
Кӛркем мінез иман мен сенімнің кемелдігін кӛрсетеді. Пайғамбарымыз бір мүміннің бойында
кездеспейпін
екі жамандық туралы айтады, олар сараңдық пен нашар мінез. Сондай−ақ,
пайғамбарымыз мүміндердің иман тұрғысынан ең жақсыларының мінезі жақсылар екенін де
айтады.
6.
Кӛркем мінез сонымен қатар, Аллаһқа жасалатын бір құлышылық болып саналады. Яғни,
кӛркем мінезді болу деген сӛз ғибадат жасаумен тең деген сӛз. Ӛйткені, пайғамбарымыз
шаршамай жасалатын ең жеңіл ғибадаттың бос сӛз сӛйлемеу және кӛркем
мінезді болу
екенін айтқан.
7.
Кӛркем мінез Аллаһты және Оның расулын сүюдің бір белгісі болып табылады. Қияметте
пайғамбарымызға ең жақын адамдардың мінезі жақсы адамдар екенін айтатын хадис
осының айқын дәлелі болып табылады. Аллаһ бір құлды сүйген кезде оған кӛркем мінез
нәсіп етеді.
8.
Күннің сәулесі қырауды қалай ерітсе кӛркем мінез де күнәларды солай ерітеді. Су
қалай
мұзды ерітсе кӛркем мінез де күнәларды солай ерітеді. Пайғамбарымыз жаман мінездің
(сірке суының балды бұзатыны секілді) жақсы істерді бұзатынын айтады.
Олай болса пайғамбарымыздың жасаған мына дұғасын біз де жасайық: «Иа, Раббы!
Сенен тыныштық пен денсаулық, аманатқа қиянат жасамауды және кӛркем мінезді болып,
тағдырға разы болуды сұраймын. Ей, мейірімділердің ең мейірімдісі! Осыларды маған нәсіп
ете гӛр!»